«Астана» түзде «Жетісудан» басым түсті

Футбол
«Астана» түзде «Жетісудан» басым түсті
Фото: fca.kz
Қазақстан премьер-лигасында екінші турдың ойындары өтіп, «Астана» Талдықорғанда «Жетісуды» тізе бүктірді.

«Астана» Талдықорғанға барып, премьер-лигаға қайта оралған «Жетісумен» кездескен. Алаң иелері ел чемпионының қарқынына жарты таймнан сәл ғана асатын уақыт төтеп берді. 28-минутта Патрик Твумаси шапшаң қимылдап есеп ашты.

Оның алдынан жүгіріп шыққан қақпашы Джурахон Бабаханов сәл ғана кеш қалды. Өкініштісі, жарақат алып қалып, ойынды әрі қарай жалғастыра алмады. «Жетісудың» бас бапкері Дмитрий Огай оның орнына Нұрлыбек Аязбаевты шығаруға мәжбүр болды.

Ал «Астана» тізгін тартпай, бірінші таймның соңында тағы бір доп салды. Оң қанаттан Марин Томасовтың әуелете берген добын Алексей Щеткин басымен қақпа белтемірінің астынан енгізді. Бұл гол бірінші таймның негізгі уақытына қосылған қосымша минуттарда соғылды.

Екінші таймда «Астана» жеңісті уысынан шығарып алмауға тырысты. Қорғанысына көңіл бөліп, артына қарайлап ойнады. Ал «Жетісу» ел чемпионының қорғанысын бұзып өте алмады. Деңгейі жоғары қонақтарына төтеп берудің өзі оңайға түспегендей.

Сөйтіп, «Астана» екінші турда да жеңіске жетті. Әрі өз қақпасына әлі бірде-бір гол жіберген жоқ. Суперкубокты есепке алсақ, үш ойында сегіз гол соқты. Ал «Жетісу» болса, әлі гол соға алмай жүр. Екі турда да қарсыласының қақпасына доп сала алмай, діңкелері құрыды.

«Жетісу» – «Астана» – 0:2 (0:2)

Голдар: Твумаси, 28. Щеткин, 45+3 

Автор: Нұрғазы САСАЕВ

Теги: Патрик ТвумасиДмитрий ОгайАлексей ЩёткинFC AstanaҚазақстан Премьер-лигасыҚазақстан чемпионаты"Жетісу""Астана" ФКKazakhstan Premier LeagueZhetysu Taldykorgan

Вернуться назад