Өз елдерінің ұлттық құрамаларына шақыртылған ленгионерлеріміз

Футбол
Өз елдерінің ұлттық құрамаларына шақыртылған ленгионерлеріміз
Ортада – Ласло Кляйнхайслер (№6) және Акош Элек (ақ жейдеде). Фото: fca.kz
Қазақстан премьер-лигасында ойнайтын бірнеше легионер өз елдерінің ұлттық құрамасы сапына шақыртылды.

19-27 наурыз аралығы – FIFA-ның ресми ойындар өткізетін күндері. Осы уақыт аралығында көптеген елдердің ұлттық құрамалары алдағы маусымға дайындық ретінде оқу-жаттығу жиынын жүргізіп, жолдастық кездесулер өткізеді. Жыл басында ойын өрнектерін бір пысықтап алады.

Сонымен қатар, 21 жасқа дейінгі жастар арасында 2019 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу ойындары да сабақталады. Біз бұған дейін еліміздің ұлттық құрамасы мен жастар арасындағы құрамасы сапына шақыртылған футболшылар тізімін жариялағанбыз.

Енді өз отандарының намысын қорғауға шақыртылған, Қазақстан премьер-лигасында ойнайтын легионерлер тізімін ұсынғанды жөн көріп отырмыз: 

«Астана» ФК

Иван Маевский – Беларусь (Әзірбайжан – 23.03 /т/, Словения – 27.03 /т/)
Игорь Шитов – Беларусь (Әзірбайжан – 23.03 /т/, Словения – 27.03 /т/)
Ласло Кляйнхайслер – Венгрия (Қазақстан – 23.03 /ү/, Шотландия – 27.03 /ү/)

«Қайрат» ФК

Акош Элек – Венгрия (Қазақстан – 23.03 /ү/, Шотландия – 27.03 /ү/)

«Ертіс» ФК

Сергей Кисляк – Беларусь (Әзірбайжан – 23.03 /т/, Словения – 27.03 /т/)

«Тобыл» ФК

Ника Квеквескири – Грузия (Литва – 24.03 /ү/, Эстония – 27.03 /ү/)
Джаба Канкава – Грузия (Литва – 24.03 /ү/, Эстония – 27.03 /ү/)

«Ордабасы» ФК

Джамбули Джигаури – Грузия (Литва – 24.03 /ү/, Эстония – 27.03 /ү/)

«Шахтер» ФК

Дамир Кояшевич – Црна Гора (Кипр – 23.03 /т/, Түркия – 27.03 /ү/)

«Жетісу» ФК

Эдгар Малакян – Армения (Эстония – 24.03 /ү/, Литва – 27.03 /ү/)
Камо Оганесян – Армения (Эстония – 24.03 /ү/, Литва – 27.03 /ү/)

«Ақтөбе» ФК

Маркос Пиззелли – Армения (Эстония – 24.03 /ү/, Литва – 27.03 /ү/)

Сөз соңында айта кетерлігі, бұлардың екеуінің, яғни Кляйнхайслер мен Электің (суретте – екеуі де ортада) 23 наурызда Қазақстан құрамасына қарсы ойнаулары әбен мүмкін.

Автор: Айқын ЖАППАР

Теги: Дамир КояшевичИгорь ШитовИван МаевскийАкош ЭлекЛасло КляйнхайслерҚазақстан Премьер-лигасыМаркос ПиззеллиЛегионерлерНика КвеквескириДжаба Канкава

Вернуться назад