ҚПЛ – Бірінші турдың таңдаулы құрамасы

Футбол
ҚПЛ – Бірінші турдың таңдаулы құрамасы
Тимур Досмағамбетов (доппен) – жаңа командасы сапында үздік ойыншы. Фото: fcordabasy.kz
Бүгін Қазақстан кәсіпқой футбол лигасы ел чемпионатының бірінші турындағы үздік ойыншыларды атап, таңдаулы құраманы жариялады.

Өткен жексенбіде Қазақстан премьер-лигасы 2018 жылғы маусымды бастап, бірінші турдың ойындарын өткізген. Осыған орай, еліміздің Кәсіпқой футбол лигасы 1-турдың Таңдаулы құрамасын құрастырған. Бұл құрама ҚКФЛ серіктесі, яғни InStat компаниясы ұсынған деректер (яғни ойындар сараптамасы) нәтижесінде жасақталған.

Сонымен бірінші турдың Таңдаулы құрамасы:

қақпашы – Дмитро Непогодов («Тобыл»)

оң қапталдағы қорғаушы – Михаил Габышев («Шахтер»)

орталық қоғаушылар – Марин Аничич («Астана») және Пабло Фонтанелло («Ордабасы»)

сол қапталдағы қорғаушы – Дмитрий Шомко («Астана»)

қорғанысқа тірек болар жартылай қорғаушылар – Ласло Кляйнхайслер («Астана») және Джаба Канкава («Тобыл»)

оң қапталдағы жартылай қорғаушы – Тимур Досмағамбетов («Ордабасы»)

сол қапталдағы жартылай қорғаушы – Ян Вороговский («Қайрат») 

шабуылдаушы жартылай қорғаушы – Андрей Аршавин («Қайрат»)

шабуылшы – Еркебұлан Тұнғышбаев («Ордабасы»)

Автор: Айқын ЖАППАР

Теги: Андрей АршавинДмитрий ШомкоЯн ВороговскийМарин АничичЛасло КляйнхайслерҚазақстан Премьер-лигасыЕркебұлан ТұңғышбаевТимур ДосмағамбетовТаңдаулы құрамаПабло ФонтанеллоДжаба КанкаваKPLДмитро НепогодовМихаил Габышев

Вернуться назад
★ Вы можете разместить вашу рекламу на нашем сайте. Напишите нам на whatsapp нажав на эту ссылку