Тұздық – Бірінші турда 14 гол соғылды

Футбол
Тұздық – Бірінші турда 14 гол соғылды
2018 жылғы Қазақ додасындағы алғашқы гол... Фото: fcirtysh.kz
Қазақстан премьер-лигасының бірінші турында 14 гол соғылды. Орта есеппен әр ойында – 2,33... доптан.

Бірінші турдағы алты ойынның төртеуінде алаң иелері жеңіске жетіп, қалған екеуінде қонақтар басым түсті. «Тобыл» түзде «Жетісуды», ал «Ақтөбе» сырт алаңда «Қайсарды» тізе бүктірді. Бұл турда тең ойын болған жоқ.

Бір ойын ірі есеппен аяқталып, «Астана» өз алаңында «Ақжайықты» 3:0 есебімен ойсырата жеңді. Жалпы, бірінші турда гол соқпаған командалар – үшеу («Жетісу», «Қайсар», «Ақжайық»).

«Ертіс» пен «Атырау» арасындағы матч осы турдағы ең дөрекі ойын болды. Бұл кездесуде жеті ойыншы ескерту алды. Бас төреші Айдын Рахымбаев төрт рет алаң иелерінің, үш мәрте қонақтардың футболшыларына сары қағаз көрсетті.

Бірінші турда 14 гол соғылды. Оның тең жартысын легионерлер, жетеуін өз футболшыларымыз соқты. Бір доп пенальтиден соғылып, енді біреуі өз қақпасына салынған гол болып тіркелді.

Гол соққан легионерлер – М.Томасов («Астана»), Д.Попадюк («Ертіс), И.Нагаев («Ордабасы»), Д.Кояшевич («Шахтер»), Б.Пуношевач («Қызыл-Жар»), Исаэль, А.Аршавин (екеуі де – «Қайрат»).

Гол соқан өз футболшыларымыз – С.Мұжықов, С.Малый (екеуі де – «Астана»), Е.Тұңғышбаев («Ордабасы»), Б.Тұрысбек («Тобыл»), А.Кәкімов («Ақтөбе»), П.Шабалин («Ертіс») және автогол – С.Кислицын («Ертіс»).

Автор: Нұрғазы САСАЕВ

Теги: Марин ТомасовАндрей АршавинИсаэльҚазақстан Премьер-лигасыПенальтиГолЕркебұлан ТұңғышбаевСерікжан МұжықовБірінші турБауыржан ТұрысбекАвтоголKazakhstan Premier LeagueАсланбек КәкімовПавел Шабалин

Вернуться назад