Билет сату саясаты – «Астана» еліміздің клубтарын үшке бөліп тастады

Футбол
Билет сату саясаты – «Астана» еліміздің клубтарын үшке бөліп тастады
Фото: stadiumdb.com
«Астана» Қазақстан премьер-лигасы аясында өз алаңында өткізетін ойындардың билеттері бағасын жариялады.

Ел чемпионы 11 наурыз күні Оралдың «Ақжайығын» қабылдап, 2018 жылғы  Қазақстан премьер-лигасындағы алғашқы ойынын өткізеді. Осы матчтың билеттері сатып алған күніңізге және трибунадағы секторға байланысты 375-1000 теңге аралығында болады екен.

Жалпы, «Астана» футбол клубының ресми сайты биылғы маусымдағы баға саясатын жариялаған:

«Жұмсақ» орындар (W3-W7) – 1000 теңге 
1-санатты орындар (W3-W7, E3-E7) – 700 теңге 
Барлық басқа орындар – 500 теңге.  

Бірақ бұл бағалар матч өтетін күні осылай болады екен. Ал егер ертерек сатып алсаңыз 25% жеңілдік қарастырылған көрінеді.

Ең бастысы, «Астана» ҚПЛ және Қазақстан кубогы аясындағы ойындарын қарсыластарының деңгейіне қарай үш санатқа бөлу туралы шешім қабылдаған:

1-деңгей – «Қайратпен» өтетін ойындар. Билет бағасы: 500-1500 теңге.

2-деңгей – «Ордабасы», «Ертіс», «Тобыл», «Шахтер» және «Ақтөбе». Билет бағасы: 500-1200 теңге.

3-деңгей –  «Қайсар», «Атырау», «Ақжайық», «Жетісу» және «Қызыл-Жар». Билет бағасы: 500-1000 теңге.

Бірақ билетті ертерек, алдын-ала сатып алсаңыз арнайы жеңілдіктер бар көрінеді. Мысалы, матчқа дейін, бір апта бұрын сатып алатын болсаңыз – 50% (билеттер алдын-ала сатылса), ойынға екі немесе одан да көп күн қалғанда – 25%.

Сонымен қатар, CIP-BOX билеттері де сатылымға шығады екен. Олардың бағалары: 1 орын – 5000 теңге, 12 орын (1 бокс) – 50 000 теңге. Соңғысы, дос-жарандарыңмен жиналып барғанға ыңғайлы секілді...

Автор: Әлихан ЖАППАР

Теги: FC AstanaҚазақстан чемпионатыТеңгеСтадионБилет бағасыТрибунаСекторБилет"Астана-Арена""Астана" ФКKazakhstan Premier League

Вернуться назад