Еркебұлан Сейдахмет Қазақстан ұлттық құрамасы сапына шақыртылды

Футбол
Еркебұлан Сейдахмет Қазақстан ұлттық құрамасы сапына шақыртылды
Фото: fcufa.pro
18 жастағы Еркебұлан Сейдахмет Қазақстан ұлттық құрамасы сапына  шақырту алыпты.

Бүгін Ресейдің «Уфа» футбол клубы 18 жастағы Еркебұлан Сейдахметтің Қазақстан ұлттық құрамасы сапына алғаш рет шақыртылғандығын жариялады. Бұл ақпарат аталған клубтың ресми сайты мен әлеуметтік желілердегі парақшаларында жарық көрді.

Өздеріңіз білесіздер, Қазақстан ұлттық құрамасы наурыздың аяғында екі жолдастық кездесу өткізіп, 23-інде Венгрия, ал 26-сында Болгария құрамаларымен додаға түседі. Бұл матчтар еліміздің ұлттық құрамасының жаңа бас бапері Станимир Стойловтың алғашқы ресми ойындары болады.

Жалпы, «Уфа» клубынан тек Еркебұлан Сейдахмет қана өз елінің ұлттық құрамасы сапына шақыртылмаған екен. Румын Ионуц Неделчару да наурыз айының соңындағы жолдастық кездесулерле өз елінің намысын қорғайтын секілді. Ресей клубы оған да шақырту келіп түскендігін жариялады. 

Автор: Айқын ЖАППАР

Теги: Станимир СтойловҚазақстан құрамасыҚазақстан ұлттық құрамасыжолдастық кездесуЕркебұлан СейдахметKazakhstan national football teamStanimir StoilovErkebulan Seidahmet"Уфа" ФК

Вернуться назад