Григорий Бабаян – бұл Станимир Стойловтың жеңісі

Футбол
Григорий Бабаян – бұл Станимир Стойловтың жеңісі
Фото: fca.kz
«Астананың» бас бапкері Григорий Бабаян Қазақстан Суперкубогы-2018 матчынан кейін команданың жеңісіне Станимир Стоиловтың қосқан үлесі зор екендігін атап өтті.

– Біз бірінші таймда ойын тізгінін өз қолымызда ұстадық, бірақ бізге шабуыл өтінде сәттілік жетіспеді. Екі команданың да гол соғатын мүмкіндіктері болды. Әсіресе, стандарт жағдайларда қауіп туындады. Кездесудің екінші жартысында үш голды өз еңбегімізбен соқтық. Бірақ қорғаныстағы ойын өрнегімізге көңілім толмады. Шабуылшыларымызға да қояр сұрақтарым бар. Жалпы, жеңіске лайық ойын өрнегін көрсеттік деп ойлаймын. Ең алдымен, Станимир Стойловты құттықтаймын, бұл – оның жеңісі.

Деспотовичтің ойынына қандай баға бересіз? Команда құрамын күшейту қажет деп санайсыз ба? 

– Ойыншыларға бөле-жара, жекелей баға бергім келмейді. Деңгейі жоғары футболшыларымыз жеткілікті. Әрине, құрамды күшейту қажет. Бірақ қаржылық жағдайымызды өздеріңіз білесіздер, сондықтан бұл сұрақты демеушілерімізге қойғаныңыз дұрыс.

Командалардың екінші таймдағы ойынында маусым алдындағы дайындықтарының айырмашылығы әсер етті ме?

– Сөз жоқ, біз қарқынымызды үдеттік. Біз тартынбай, ширақ қимылдап, допты өзімізде көбірек ұстадық, соның арқасында мүмкіндіктер пайда бола бастады. Біз өз ойынымызды көрсетіп, «Қайратты» ашыла түсуге мәжбүрледік.

Марин Томасовтың бүгінгі ойыны жайлы не айтасыз? Бірінші рет емес, ол алаңда үздік ойыншы болып жүр. 

– Біз оны өз шебінде үздік болуы үшін шақырғанбыз да. Марин өзгелерден әлдеқайда үздік болды деп айтпаймын, бірақ жеңіске қосқан үлесі – орасан зор. Эйфорияға берілмеу маңызды. Бұл суперкубок ойыны ғана. Бір аптадан кейін чемпионат басталады, ал біздің оған дұрыстап дайындалуымыз қажет. Маусым ұзаққа созылады, сондықтан тоқмейілсу мүлде қажет емес. 

«Астананың» биыл маусымды ертерек бастауы кейін әсер етпей ме? 

– Иә, біз дайындықты жеделдеттік. Қазір бұл сұраққа тура жауап бере алмаймын. Бізде футболшылардың спорттық бабы жағынан қиындықтар туындамайды деп үміттенемін.

fca.kz

Автор: Нұрғазы САСАЕВ

Теги: Григорий БабаянСтанимир СтойловFC Astana"Қайрат"Бас бапкерҚазақстан Суперкубогыбаспасөз жиыны"Астана" ФКKairat AlmatyStanimir StoilovGrigory Babayan

Вернуться назад