Карлос Алос – Ойыншыларым әлі спорттық баптарына келіп үлгермеді

Футбол
Карлос Алос – Ойыншыларым әлі спорттық баптарына келіп үлгермеді
Фото: fca.kz
Суперкубок-2018 матчы аяқталған соң екі команданың бас жаттықтырушылары ойын туралы өз пікірлерін білдірді.

Бірінші «Қайрат» кубының бас жаттықтырушысы, Испания маманы Карлос Алос командасының әлі спорттық бабына келіп үлгермегендігін тілге тиек етті.

«Астана» командасын бүгінгі жеңісімен құттықтаймын. Біз бірінші таймды толық өз бақылауымызда өткіздік. Дегенмен, екі команданың да айтарлықтай мүмкіндіктері болған жоқ. Алаң иелері алғашқы 15 минутта допты өздерінде көп ұстайтынын білдік. Сондықтан алғашқы минуттардан-ақ сақ ойнау керек екендігін шәкірттеріме түсіндірген едім. Негізі, біз ойын тізгінін уысымыздан шығармаймыз деп ойлағанбыз.

Алайда, ойыншыларымның әлі спорттық баптарына келіп үлгермегені байқалды. Бірінші тайм біз ойлағандай өтті. Ал екінші таймда гол жіберіп алған соң... босаңсып қалдық. Ал қарсыласымыз қарқынын одан сайын үдете түсті. Енді бізге Суперкубок ойынын тезірек ұмытып, ел біріншілігіне жақсылап дайындалуымыз керек. Командам биыл да чемпиондық атаққа таласатынына күмән келтірмеймін.

fca.kz

Автор: Нұрғазы САСАЕВ

Теги: Карлос Алос ФеррерFC Astana"Қайрат"Бас бапкерҚазақстан Суперкубогыбаспасөз жиыны"Астана" ФКKairat AlmatyCarlos Alos Ferrer

Вернуться назад
★ Вы можете разместить вашу рекламу на нашем сайте. Напишите нам на whatsapp нажав на эту ссылку