Қош келдің Қонысбаев немесе «Ақтөбенің» жаңа құрамы

Футбол
Қош келдің Қонысбаев немесе «Ақтөбенің» жаңа құрамы
Фото fc-aktobe.kz сайтынан
«Ақтөбе» футбол клубының өзінің ресми сайты арқылы 20 футболшымен келісімшартқа отырғандығын жариялады.

Олардың арасында Ұлан Қонысбаев та бар. 2016 жылы маусым айында Қытай құрамасымен өткен жолдастық кездесуде ауыр жарақат алған футболшымыз, бұйыртса, биыл «Ақтөбенің» намысын қорғайтын болады. Ұланға бөле жара «бағың жанып, бабың қоса шапсын» дегіміз келеді. Сондай-ақ «Ақтөбе» жанкүйерлеріне жақсы таныс Маркос Пизелли де қайтып келіпті...

«Ақтөбе» үшінші оқу-жаттығу жиынында «Calista» қонақ үйіне тұрақтаған болатын. Сол жерде Армения құрамасының намысын қорғайтын жартылай қорғаушымен де келісімшартқа отырыпты. 33 жастағы Пизелли 2014 және 2015 жылдары ақтөбеліктердің белді ойыншыларының бірі болған. Қазақстан премьер-лигасында 50-ден астам ойын өткізіп, 13 гол соққан.

Сонымен «Ақтөбе» клубының жаңадан келісімшартқа отырған және еңбек келісімдерінің мерзімін ұзартқан футболшыларының тізімі төмендегідей:

қақпашылар

Давид Лория («Ертіс» клубынан келді),
Рамиль Нурмухаметов («Ордабасы»),
Игорь Трофимец (еңбек келісімі ұзартылды) 

қорғаушылар

Бағдат Қайыров (еңбек келісімі ұзартылды),
Саят Жұмағали (еңбек келісімі ұзартылды),
Фабрицио Сильва («Омония» Кипр);

жартылай қорғаушылар

Ұлан Қонысбаев («Атырау»),
Асланбек Кәкімов (еңбек келісімі ұзартылды),
Ардақ Сәулет (еңбек келісімі ұзартылды),
Әділхан Таңжарықов ("Жетісу"),
Руслан Валиуллин (еңбек келісімі ұзартылды),
Игорь Юрин («Оқжетпес»),
Антон Шурыгин (еңбек келісімі ұзартылды),
Маркос Пиззелли («Аль-Шабаб», БАӘ),
Хрвое Миличевич («Пескара», Италия),
Джамбул Джигаури («Вардар», Македония),
Саша Марьянович («Партизан», Сербия),
Милан Радин («Партизан», Сербия);

шабуылшылар

Абат Айымбетов (еңбек келісімі ұзартылды), 
Рейнальдо дос Сантос Силва («Аданаспор», Түркия).

Автор: Нұрғазы САСАЕВ

Теги: Давид ЛорияҚазақстан Премьер-лигасыТрансфер жаңалықтары"Ақтөбе"Ұлан ҚонысбаевкелісімшартМаркос ПизеллиKazakhstan Premier LeagueFC AktobeUlan KonysbayevDavid Loriya

Вернуться назад