«Астана» жаңа демеуші тапты – «1xbet» букмекерлік компаниясы

Футбол
«Астана» жаңа демеуші тапты – «1xbet» букмекерлік компаниясы
Фото fca.kz сайтынан
«Астана» футбол клубы мен «1xbet» букмекерлік компаниясы демеушілік туралы келісімге қол қойды, – деп өабарлайды елорда клубының ресми сайты.

«1xbet.kz» 2018 жылы «Астана» футбол клубының ресми демеушісі ретінде бекітіліп, команданың жейдесіне шаңырақпен қатар, аталмыш букмекерлік компанияның логотипі суреттелетін болады.

«1xbet» компаниясы 2007 жылы құрылған. Сол кезден бастап Шығыс Еуропадағы және еуропалық нарықтағы бәсекеге қабілетті елдерде маңызды орынға ие болды. Компания 2016 жылдан бастап Қазақстан нарығында жұмыс істейді. «Астана» футбол клубы – «1xbet» компаниясының Қазақстан нарығындағы елшісі.

Мысалы, «1xbet» компаниясы Ресейде «Зенит» (Санкт-Петербург), «Локомотив» (Мәскеу) және «Краснодар» клубтарымен жұмыс істейді. Батыс Еуропада «1xbet» Италияның «A» сериясы мен Испания «Ла Лигасының» демеушісі болып табылады. Осы жылдан бастап «1xbet» Италияның атақты футболшы Андреа Пирломен келісімге қол қойып, футболшы компанияның бейнелік тұлғасы ретінде бекітілді.

fca.kz

Автор: Нұрғазы САСАЕВ

Теги: FC AstanaЧемпиондар лигасыЕуропа лигасы"Астана" ФКШаңырақДемеуші1xbetБукмекерлік компания

Вернуться назад