«Қайрат» пен БАТЭ – Беларусь клубы басым түсті

Футбол
«Қайрат» пен БАТЭ – Беларусь клубы басым түсті
Фото: fckairat.com
Алматының «Қайраты» Түркияда жолдастық кездесу өткізіп, маусымаралық оқу-жаттығу жиынын аяқтады.

«Қайрат» оқу-жаттығу жиыны жолдастық кездесумен түйіндеді. Беларусь елінің 14 дүркін чемпионымен кездесіп, 1:3 есебімен ұтылып қалды. БАТЭ клубының ресми сайты бұл ойында өрнекті ойын үлгісін көрсетіп, басымдық танытқандарын жазыпты.

Бір көңіл аударарлығы, осы жолдастық кездесудің 79-минутында алаңға Сенегал шабуылшысы Малик Мане шығыпты. Былтырғы маусымның екінші жартысында «Тараздың» намысын қорғаған ойыншы қазір БАТЭ клубында сынақтан өтіп жүр.

«Қайрат» әр түрлі себептермен алаңға Иличевич, Анене және Плотников сынды белді ойыншыларын алаңға шығара алмаған. Негізі, бүгін Бауыржан Исламханның туған күні болатын. Команда капитаны гол соққанымен, Алматы клубы ұтылып қалды.

БАТЭ (Борисов, Беларусь) – «Қайрат» (Алматы, Қазақстан) – 3:1 (1:0)

Голдар: Драгун, 15 (1:0). Исламхан, 51-пенальтиден (1:1). Иванич, 54 (2:1). Филипович, 58 (3:1). 

Алаңнан қуылғандар: Милунович, 50 – Исламхан, 84.

«Қайрат»: Стас Покатилов, Ғафуржан Сүйімбаев (Вороговский, 58), Шелдон Бато, Седрик Гогуа (Әліп, 46), Елдос Ахметов (Соколенко, 67), Исламбек Қуат (Әбікен, 67), Георгий Жуков (Ассулин, 58), Акош Элек (Парагульгов, 58), Андрей Аршавин, Исаэль Барбоза (Швырёв, 67), Уго Сильвейра

БАТЭ: Д.Щербицкий, А.Филипович (Е.Березкин, 67), Н.Милунович (Е.Яблонский, 52), Н.Василевич (З.Волков, 60), М.Володько (В.Малькевич, 80), Д.Бага, С.Симович, С.Драгун (А.Шкурдюк, 65), М.Иванич (М.Мане, 79), М.Скавыш, И.Стасевич (Н.Сигневич, 72). 

Белек. 23 ақпан. Cornelia кешені. 

Автор: Нұрғазы САСАЕВ

Теги: Бауыржан ИсламханҚазақстан Премьер-лигасы"Қайрат"Пенальтижолдастық кездесуОқу-жаттығу жиыныБАТЭ БеларусьKairat AlmatyТуған күнBauyrzhan Islamkhan

Вернуться назад