Дидар Жалмұқан «Ордабасы» клубына жалға берілді

Футбол
Дидар Жалмұқан «Ордабасы» клубына жалға берілді
Фото fca.kz сайтынан
«Астана» футбол клубының жартылай қорғаушысы Дидар Жалмұқан «Ордабасы» клубына жалға беріліпті.

Бұл жаңалықты бүгін «Ордабасы» клубының ресми сайты жариялады. Ақтөбе футболының түлегі енді Оңтүстік Қазақстан облысының намысын қорғайды. 22 мамырда 22-ге толатын жартылай қорғаушы Қазақстан премьер-лигасындағы алғашқы ойынын 2014 жылы 20 қыркүйекте өткізген болатын.

Содан бастап «Ақтөбе» сапында 59 ойын өткізіп, 10 гол соқты. 2017 жылды «Астана» сапында бастап, 17 рет жасыл алаңға шықты. Үш гол соғып, тура осынша нәтижелі пас берді. Көп ұзамай «Тобыл» клубына жалға берілді. Өткен жылғы маусым аяқталысымен елорда клубы сапына оралған. Енді, міне, Шымкентке ойысып отыр.

Сондай-ақ, Дидар Жалмұқан еліміздің жасөспірімдер және жастар арасындағы құрамаларына шақыртылып, халықаралық аренада ел намысын қорғаған. Атап айтқанда, 2012 жылы Қазақстан-U17, ал 2014 жылы Қазақстан-U17 құрамалары сапында үш ойыннан өткізді. Қазақстан-U21 құрамасының жейдесін алаңға тоғыз рет киіп шығып, үш гол соқты.

Автор: Айқын ЖАППАР

Теги: FC AstanaҚазақстан Премьер-лигасы"Тобыл""Ақтөбе"Дидар Жалмұқан"Астана" ФК"Ордабасы" ФКЖалға берілдіKazakhstan Premier LeagueOrdabasy ShymkentDidar Zhalmukan

Вернуться назад
★ Вы можете разместить вашу рекламу на нашем сайте. Напишите нам на whatsapp нажав на эту ссылку