Байсуфинов жастар құрамасымен екі рет жеңіске жетті

Футбол
Байсуфинов жастар құрамасымен екі рет жеңіске жетті
Фото kff.kz сайтынан
Түркияда оқу-жаттығу жиынын өткізіп жатқан еліміздің жастар арасындағы құрамасы екі жолдастық кездесу өткізіп, екеуінде де жеңіске жетті.

Талғат Байсуфинов жаттықтыратын 21 жасқа дейінгі Қазақстан жастар құрамасы 9 ақпаннан бері Түркияда жаттығып жатыр. Осы жаттығу жиыны аясында екі рет жолдастық кездесу өткізіп, жеңіске жетті.

Рас, қарсыластары азулы командалар емес. Десек те, жеңістің аты – жеңіс. Мысалы, 15 ақпан күні Украинаның бірінші лигасында ойнайтын «Оболонь-Бровар» командасымен кездесті. Тартысты өткен матч тағдыры ойынның аяқталуына он минут қалғанда шешілген.

«Қазақстан жастар құрамасының жартылай қорғаушы Иван Антипов алаң жиегінде қарсыласынан допты тартып алып, айып алаңына қарай жақындап, ашық тұрған Олег Чепрасовке пас берді. Бельгияның «Wellen» клубында ойнайтын орталық шабуылшы допты қақпаға тура бағыттап, Қазақстан жастар құрамасына жеңіс сыйлады», – деп жазады ҚФФ ресми сайты.

Ал кеше, Байсуфинов жаттықтыратын жастарымыз Грузияның «Динамо» (Тбилиси) клубының екінші құрамымен кездесіп, тағы да 1:0 есебімен жеңіске жеткен. Жалғыз гол тағы да матч соңында соғылған.

«Қазақстан құрамасына жеңіс сыйлаған – қорғаушы Сағадат Тұрсынбай. Оған пас беріп, айып соққысын сәтті орындаған – жартылай қорғаушы Ринат Жұматов», – деп хабарлайды ҚФФ ресми сайты.

Қазақстан-U21 – «Оболонь-Бровар» (Украина) – 1:0 (0:0)

Гол: Чепрасов, 80.


Қазақстан-U21 – «Динамо-2» (Тбилиси, Грузия) – 1:0 (0:0)

Гол: Тұрсынбай, 89.

Бірінші таймда алаңға шыққандар: Трофимец, Қыбырай (Сарыбай), Батырханов, Орынбасар, Галбаев, Жақаев, Сламбеков (Әбденәби), Жагоров, Наджарян, Сейітханов, Өміртаев.

Екінші таймда алаңға шыққандар: Закиров, Әлімбаев, Әбілғазы, Мәжитов, Тұрсынбай, Қалмұратов, Шәмші, Антипов, Жұматов, Федин, Сәрсенов.

Автор: Айқын ЖАППАР

Теги: Жастар құрамасыТалғат БайсуфиновҚазақстан жастар құрамасыжолдастық кездесуОқу-жаттығу жиыныҚазақстан U-21Kazakhstan U-21

Вернуться назад