Суперкубок билеттері 500-1000 теңге аралығында

Футбол
Суперкубок билеттері 500-1000 теңге аралығында
Фото fca.kz сайтынан
Қазақстан кәсіпқой футбол лигасының ресми сайты 2018 жылғы суперкубок матчының билеттері бағасын жариялады.

Биылда Қазақстан суперкубогын «Астана» мен «Қайрат» сарапқа салады. Себебі, елорда клубы 2017 жылы ел чемпионы атанса, алматылықтар кубокты жеңіп алған болатын. Енді екеуі 4 наурыз күні «Астана-Арена» стадионында суперкубокқа таласады. Матчтың басталуы – 15:00-де.

Осыған орай, Қазақстан кәсіпқой футбол лигасы суперкубок матчының билеттері сатылымға шыққанын жариялады. Билеттерді «Тикетон» қызмет көрсету сайтынан және Астанадағы «Меломан», «Керуен» ОСО және «Мечта» СО серіктес-дүкендерінен сатып алуға болады екен.  

Ал билеттердің бекітілген бағасы төмендегідей:

  • Шығыс, Солтүстік және Оңтүстік трибуналардағы барлық секторлары – 500 теңге,
  • Батыс трибунадағы W1, W2, W8 секторлары және осы трибунаның 2 қабаттағы барлық секторлары – 800 теңге,
  • Батыс трибунасы (1-санат): W3, W4, W5, W6, W7 секторлары – 1000 теңге.

Автор: Әлихан ЖАППАР

Теги: FC AstanaҚазақстан чемпионаты"Қайрат"БилетбағаҚазақстан Суперкубогы"Астана-Арена""Астана" ФКKairat AlmatyKazakhstan Super CupAstana Arena

Вернуться назад
★ Вы можете разместить вашу рекламу на нашем сайте. Напишите нам на whatsapp нажав на эту ссылку