«Ертіс» шешендердің «Ахматымен» тең түсті

Футбол
«Ертіс» шешендердің «Ахматымен» тең түсті
Фото fc-akhmat.ru сайтынан
«Ертіс» футбол клубы Түркияда Грозныйдың «Ахмат» клубымен жолдастық кездесу өткізіп, 1:1 есебімен тең түсті.

Павлодардың «Ертісі» шешен елінің «Ахмат» клубымен тең түсті. Негізі, қарсыласы осал команда емес-тін. Дәл қазір Ресей чемпионатында 20 ойыннан 26 ұпаймен 7-орында тұр. Жолдастық кездесуде ең бастысы нәтиже емес, әрине. Әйтсе де, ешбір команданың намысты қолдан бермей, ойын өрнектерін жетілдіре түсуге тырысары анық.

«Ертіс» бірінші таймда гол соғып, тәп-тәуір ойын үлгісін көрсетті. Екінші таймда осы есепті уысынан шығармауға тырысқандай болды. Әлде қорғаушыларына да күш түсіріп, оларды да шыңдай түсуді ойлады ма екен... Қалай десек те, тең ойын екі команданы да қанағаттандыратындай.

«Ертіс» – «Ахмат» (Грозный, Шешенстан) – 1:1

Голдар: Салами, 38-пенальтиден (1:0). Балай, 88-пенальтиден (1:1)

«Ертіс» (1-тайм): Калмыков, Розыбакиев, Аврамия, Кислицын, Есімов, Воменко, Шестаков, Гомес, Кисляк, Фонсека, Салами.

Екінші таймда алаңға шыққандар: Бекбаев, Әмірханов, Айтбаев, Смайлов, Калинин, Попадюк, Шабалин.

«Ахмат»: Городов, Ахъядов, Родолфо, Сампайо (Кацаев, 60), Плиев, Х.Кадыров (Гиголаев, 46), Бериша (Хубулов, 46), Раванелли, Бацуев, Садаев (Умаев, 40), Балай.

Автор: Әлихан ЖАППАР

Теги: "Ертіс"жолдастық кездесуОқу-жаттығу жиыныIrtysh Pavlodar"Ахмат" (Грозный)Фуад Салами

Вернуться назад