«Қайрат» екі қорғаушысын қалдырып кетті...

Футбол
«Қайрат» екі қорғаушысын қалдырып кетті...
Фото fckairat.com сайтынан
Алматының «Қайраты» Түркияда 22 футболшымен соңғы оқу-жаттығу жиынын бастап кетті. Олардың арасында екі қорғаушысы жоқ...

«Қайрат» 24 ақпанға дейін созылатын соңғы жаттығу жиынына Ермек Қуантаев пен Тимур Рудосельскийді әкетпеген. Соған қарағанда, бұл қорғаушылар енді Алматы клубының сапында қалмайтын сияқты. Өйткені, қазір алматылықтардың құрамында қорғаушылар жеткілікті...

Жалпы, Ермек те, Тимур да Алматы клубы сапында жарақат атып қалып, негізгі құрамдағы орындарынан айырылып қалған. Отандық басылымдар енді бұл қорғаушыларды «Тобыл», «Ертіс», «Атырау» клубтарының сапынан көріп қалуымыз мүмкін екендігін жорамалдап отыр.

Ал «Қайрат» болса, Белеке төмендегі футболшыларды әкетті (Жақын арада бұларға Уругвай шабуылшысы Уго Сильвейра қосылатын сияқты. Уругвайлық басылымдардың кейбіреуі тіпті оны «Алматыға ұшып кетті» деп те жазған болатын):

қақпашылар – Владимир Плотников, Стас Покатилов, Илья Караваев;

қорғаушылар – Елдос Ахметов, Нұралы Әліп, Ғафуржан Сүйімбаев, Александр Соколенко, Ян Вороговский, Станислав Лунин, Седрик Гогуа, Шелдон Бато;

жартылай қорғаушылар – Бауыржан Исламхан, Исламбек Қуат, Айбол Әбікен, Георгий Жуков, Магомед Парагульгов, Исаэль Барбоза, Акош Элек, Иво Иличевич, Андрей Аршавин;

шабуылшылар – Чума Анене, Вячеслав Швырёв.

Автор: Айқын ЖАППАР

Теги: Тимур РудосельскийҚазақстан Премьер-лигасы"Қайрат"Трансфер жаңалықтарыЖаттығу жиыныKazakhstan Premier LeagueKairat AlmatyЕрмек Қуантаев

Вернуться назад