Премьер-лига 2018. Қазақстан чемпионатының ойындар кестесі түзілді

Футбол
Премьер-лига 2018. Қазақстан чемпионатының ойындар кестесі түзілді
Премьер-лига 2018. Қазақстан чемпионатының ойындар кестесі түзілді
Бүгін елордамызда клуб директорларының қатысуымен жиын өтіп, жеребе тарту рәсімі бойынша ел чемпионатының ойындар кестесі түзілді.

Жеребе тарту рәсімінің ережесіне биыл бірқатар өзгерістен енгізіліпті. Ұйымдастырушылар бірінші турды өз алаңында өткізетін командаларды бірінші себетке, қонақта өткізетіндерді екінші себетке бөлген. Осылайша бірінші себетке «Астана», «Жетісу», «Ертіс», «Қайрат», «Қайсар», «Қайсар» және «Ордабасы» командалары орналасты. Қалған алтауы екінші себеттен орын алды. Ал жеребе тарту кезінде әр клубтың өкілдері қоржыннан 1-ден 12-ге дейінгі цифрларды  суырып алып шығуы керек болды. Сонымен, әр командаға мына сандар түсті:

"Астана" - 12

"Қайрат" - 6

"Ордабасы" - 4

"Ертіс" - 8

"Қайсар" - 10

"Жетісу" - 1

"Тобыл" - 2

"Шахтер" - 3

"Атырау" - 7

"Ақтөбе" - 9

"Ақжайық" - 11

"Қызыл-Жар СК" – 5

Ал әрі қарай бәрі Бергер кестесі бойынша. Яғни, бірінші турда 1 мен 2, 4 пен 3, 6 мен 5, 8 бен 7, 10 мен 9 және 12 мен 11 сандарының иелері кездесетіні түсіндірілді.

Ел чемпионатының толық ойындар кестесін кейінірек жариялаймыз. Ал әзірге назарларыңызға алғашқы екі турдың ойындар кестесін ұсынамыз:

1-ші тур (11 наурыз)

Жетісу – Тобыл

Ордабасы – Шахтер

Қайрат – Қызыл-Жар

Иртыш – Атырау

Қайсар – Ақтөбе

Астана – Ақжайық

2-ші тур (17-18 наурыз)

Жетісу – Астана

Қайсар – Ақжайық

Ертіс – Ақтөбе

Қайрат – Атырау

Ордабасы – Қызыл-Жар

Тобыл - Шахтер

Наурыз айының 11-інде басталатын ел чемпионаты қараша айына дейін жалғасады.

Автор: Әзиз ЖҰМАДІЛ

Теги: Қазақстан футболыжеребе футболПремьер-лига 2018

Вернуться назад
★ Вы можете разместить вашу рекламу на нашем сайте. Напишите нам на whatsapp нажав на эту ссылку