Еркебұлан Сейідахмет және «Уфа» – «сауда» қыза түскендей ме...

Футбол
Еркебұлан Сейідахмет және «Уфа» – «сауда» қыза түскендей ме...
Фото bashinform.ru сайтынан алынды
Кешеден бері Еркебұлан Сейдахметтің «Уфа» футбол клубындағы болашағы бұлыңғыр тартып, қыл үстінде тұрғандай әсер етті...

Еркебұлан Сейдахмет 4 ақпан күні 18-ге толған. «Уфа» футбол клубы «Қазақтың Мессиі» атанған жас талантты туған күнімен құтықтады. Бас бапкері Сергей Семактың таңертеңгі жаттығу жұмыс алдында оны құттықтап, «Лео бүгін кәмелеттік жасқа толды, енді ересектерге арналған киноларды көруіне болады» деген қалжыңы біраз басылымдарға тақырып болған...

Содан не керек, кешеден бері Қазақ еліндегі футбол жанкүйерлері «Еркебұлан Сейдахмет Башқұртстан клубымен келісімшартқа отырды» деген ақпаратты таусыла күтті. Бірақ сүйінші сұрайтындай жаңалық болмады. Керісінше, жас футболшымыздың түсініксіз, жұмбақ суретері (жазбалары) жариялана бастады.

Таратып айтар болсақ, түн жарымынан ауғанда Еркебұлан Сейдахметтің Instagram желісіндегі өзінің жеке парақшасында ұшақтың терезесінен түсірілген фото жарық көрді. Әрі «Будем двигаться дальше» деген жазуы да бар. Ал бүгін таңертең тағы бір жұмбақ фото жариялап, «Тараз» деп жазып қойды...

Әрине, қазақ жанкүйерлері ду ете қалды. «Уфа» жас талантымызды сонша жарнамалап, жеме-жемге келгенде бос жібере салған ба? Бұл қалай? Не болды екен? Көпшілік жас футболшының дәл қазіргі жағдайын сан саққа жүгіртіп, дүрліге де бастады. Тіпті «Башқұртстан клубын трансфер сомасы үркітіп жібергендей, екі жақ ымыраға келе алмапты» деген болжам-жорамалдар да айтыла бастады...

Алайда «Уфа» футбол клубы мұның бәрін теріске шығарып отыр. «Алаңдамаңыздар, Еркебұлан Сейдахмет – команда сапында» деген мәліметтер де таратты. Олардың мәлімдеулерінше, «Қазақтың Мессиі» әлі Кипрде, аталған команда құрамында жүрген көрінеді. Тіпті bashinform.ru басылымы клубтың бас директоры Шамиль Газизовтың сөздерін де жариялады:

Қандай дерек көзі бұл туралы хабарлап отырған? Әлеуметтік желілердегі пікірлерге емес, тек ресми дерек көздеріне ғана сену керек. Тілші Николай Кузинмен түскен фотосын жариялап, қадірменді журналисті агент деп атаған. Күлкілі!, – депті бас директор.

Автор: Айқын ЖАППАР

Теги: ТаразТрансферЖаттығу жиыныкелісімшартЕркебұлан СейдахметТуған күнErkebulan Seidahmet"Уфа" ФК

Вернуться назад