«Қайрат» ұтылып қалып, «Тобыл» төбелесіп тынды...

Футбол
«Қайрат» ұтылып қалып, «Тобыл» төбелесіп тынды...
Фото fctobol.kz сайтынан
Бүгін Қазақстан премьер-лигасындағы бес клубымыз жолдастық кездесу өткізіп, үшеуі ұтылып қалды.

«Астана» Швеция клубынан ұтылып қалса, «Қайрат» Сербияның «Вождовац» командасына қайратын өткізе алмады. Ал «Тобыл» Ресей премьер-лигасында 15-орында тұрған «Анжи» клубына есе жіберіп алды. Тек «Қызыл-Жар» жеңіске жетіп, «Жетісу» тең түсті.

Бір қызығы, «Тобыл» – «Анжи» кездесуі төбелеспен аяқталды. Ойынның аяғына қарай қостанайлықтардың жаңа ойыншысы Джаба Канкава Махачкала клубының жартылай қорғаушысы Арсен Хубуловпен сөзге келіп қалып, екеуі бірі-біріне жұдырық сілтеп, төбелесе бастады...

Сол кезде жәбір көрген командалас серігіне Михаил Бакаев көмекке ұмтылды. «Қайраттың» бұрынғы ойыншысы Канкаваны мойнынан итеріп те жіберді. Бұдан кейін төбелесті төрешілер тоқтатып, басқа ойыншылар арашалап алды. Төбелес бастаған ойыншылар алаңнан қуылыпты...

«Астана» – «Хэкен» (Швеция) – 0:2

«Қайрат» – «Вождовац» (Сербия) – 0:1

«Тобыл» – «Анжи» (Ресей) – 0:1

«Жетісу» – «Верес» (Украина) – 0:0

«Қызыл-Жар» – «Алашкерт» (Армения) – 3:0

Голдар: Савченко, Григорашвили, Милош.

Төменде «Тобыл» – «Анжи» кездесуінің бейнежазбасын ұсынып отырмыз.

Төбелес 1:32:09 уақытынан басталады.


Автор: Нұрғазы САСАЕВ

Теги: FC AstanaҚазақстан Премьер-лигасы"Қайрат""Жетісу""Тобыл""Қызыл-Жар"жолдастық кездесу"Астана" ФКTobol KostanayKairat AlmatyТөбелесДжаба Канкава"Анжи"

Вернуться назад
★ Вы можете разместить вашу рекламу на нашем сайте. Напишите нам на whatsapp нажав на эту ссылку