Еуро-2018 – Ең үздік ойыншымыздың бірі қатардан шығып қалды

Футбол
Еуро-2018 – Ең үздік ойыншымыздың бірі қатардан шығып қалды
Фото fifa.com сайтынан
Футзалдан ХІ Еуропа чемпионатында додаға түсетін Қазақстан ұлттық құрамасының белді ойыншысының бірі Лео қатардан шығып қалды. Өкінішті...

Бұл ақпарат кеше кешкісін тараған болатын. Әйтсе де, үмітімізді үзбей, ресми мәлімдеме күткен едік. Бүгін бұл мәлімет Қазақстан футзал қауымдастығының ресми сайтында да жарияланды...

Ойын қарсаңындағы жаттығу жұмыстарының бірінде Лео (Леонардо Мендонка Да Роса) жарақаттанып қалған. Нақтырақ айтқанда, ескі жарақаты қайтадан сыр берген. Қазақстан футзал қауымдастығы ресми сайтының мәлімдеуінше, енді ол 2018 жылғы Еуропа чемпионатында ойнамайды.

Өте өкінішті, әрине. Лео өте еңбекқор, алаңда «қара жұмыстың» көбісін атқаратын, жанкешті жігіт еді. Алыстан шірене теуіп, қақпа торын бүлк еткізетін соққысы да пәрменді болатын. 2016 жылы Колумбияда өткен әлем чемпионаты қарсаңында Серік Жаманқұлов қатардан шығып қалып еді. Енді міне, Лео...  

Өздеріңіз білесіздер, Қазақстан құрамасы бүгін түнде Польша футзалшыларымен кездесіп, Еуро-2018 додасын бастайды. Ал ертең Ресей құрамасымен додаға түсіп, «С» тобындағы екінші ойынын өткізеді. Аталған екі қарсыласы қаңтардың 30-ынан 31-іне ауған түні кездесіп, 1:1 есебімен тең түскен болатын.

Автор: Әлихан ЖАППАР

Теги: ЛеоҚазақстан құрамасыҰлттық құрамаЕуропа чемпионатыЖарақатСловения-2018Еуро-2018Kazakhstan national futsal teamEuro-2018Leo

Вернуться назад