«Қайрат» жаттығуды ертең бастайды

Футбол
«Қайрат» жаттығуды ертең бастайды
Фото fckairat.com сайтынан
Алматының «Қайраты» ертең 2018 жылғы маусымдағы алғашқы жаттығу жиынын бастайды.

Бұл ақпаратты бүгін «Қайрат» футбол клубының ресми сайты таратты. Алғашқы жиын Алматыда өтіп, 18 қаңтарға дейін созылады екен. Бекітілген жоспар бойынша, команда өз ішінде екі жолдастық кездесу өткізуді қарастырып отырған көрінеді.

Ал қаңтардың аяғына қарай Түркияға барып, оқу-жаттығу жиынын өткізетін болыпты. Алматыдағы алғашқы жиын футболшыларды спорттық баптарына келтіруге ықпал ету мақсатында өткізіледі екен. Қазір мұны көптеген командалар «тартылу жиыны» деп те жүр.

Өздеріңіз білесіздер, «Қайратты» алдағы маусымда Испания маманы Карлос Алос жаттықтырады. Оған өткен жылдың аяғындағыдай Аргентина маманы Нико Кьетино көмектеседі. Ол бұған дейін өз еліндегі «Сан-Мартин де Бурсако» клубында жаттықтырушы болған.

Автор: Айқын ЖАППАР

Теги: Карлос Алос ФеррерҚазақстан Премьер-лигасыҚазақстан чемпионаты"Қайрат"Жаттығу жиыныKazakhstan Premier LeagueKairat AlmatyCarlos Alos Ferrer

Вернуться назад
★ Вы можете разместить вашу рекламу на нашем сайте. Напишите нам на whatsapp нажав на эту ссылку