Олжас Абраев еліміздің Кәсіпқой футбол лигасын басқарады

Футбол
Олжас Абраев еліміздің Кәсіпқой футбол лигасын басқарады
Фото pflk.kz сайтынан
Қазақстан Кәсіпқой футбол лигасының ресми сайты осы лиганың президенті болып Олжас Абраев сайланғанын жариялады.

ҚР Кәсіпқой футбол лигасының мүшелері жаңа президент сайлап, бұл қызметке Олжас Абраевты лайық деп санапты. Ал бұған дейін еліміздің КФЛ-сын басқарып келген Азамат Айтқожин жақында ғана Қазақстан футбол федерациясының Бас хатшысы болып бекітілген болатын.

Олжас Абраев ҚР Кәсіпқой футбол лигасына беймәлім адам емес. 1984 жылы 22 желтоқсанда туған жас маман 201-2016 жылдары осы ұйымды басқарған. Былтыр «Шахтер» клубының директоры болды. Енді КФЛ-сы басшылығына қайтып келді. Әрі Қазақстан футбол федерациясының вице-президенті қызметін де қоса атқарады.

Автор: Айқын ЖАППАР

Теги: Олжас АбраевҚазақстан футбол федерациясыКәсіпқой футбол лигасыАзамат АйтқожинPFLKKazakhstan Football Federation

Вернуться назад
★ Вы можете разместить вашу рекламу на нашем сайте. Напишите нам на whatsapp нажав на эту ссылку