Талғат Байсуфинов Қазақстан жастар құрамасын жаттықтырады

Футбол
Талғат Байсуфинов Қазақстан жастар құрамасын жаттықтырады
Фото kff.kz сайтынан
Қазақстан футбол федерациясының ресми сайты Талғат Байсуфинов Қазақстан жастар құрамасын жаттықтырады, деп хабарлайды.

Бүгін Қазақстан футбол федерациясының кеңсесінде жаттықтырушылар кеңесінің басқосуы өтіп, Қазақстан жастар құрамасының аға жаттықтырушысы қызметіне Талғат Байсуфинов тағайындалыпты. Бұл ақпаратты kff.kz сайты таратты.

Ал «Владимир Никитенко Қазақстан жастар құрамасының аға жаттықтырушысы қызметінен кетті» деп жарияланды. Сірә, ҚФФ оның «Тобыл» клубы мен жастар құрамасын бірдей жаттықтырғанын қаламаса керек...

Талғат Байсуфинов ойыншы ретінде Павлодардың «Аңсат» («Ертіс») клубы мен Қазақстан ұлттық құрамасының сапында ойнаған. Сонымен қатар, «Металлург» (Ақсу, Павлодар облысы), «Еңбек» (Жезқазған), «Жетісу» (Талдықорған), «Маңғыстау» (Ақтау), «Екібастұз» (Екібастұз) және «Восток» (Өскемен) клубтарының да намысын қорғаған.

Бапкерлік қызметін «Ақсу» (Степногорск) клубынан бастап, «Ертіс» (Павлодар) және «Ақжайық» (Орал) командаларында жалғастырған. Қызылжардың «Есіл-Богатырь» клубында жаттықтырушылар штабына болған. Павлодардың «Ертісімен» ел чемпионатының күміс және қола жүлделерін жеңіп алды. Қазақстан кубогының финалына шықты.

Талғат Маруанұлы 2016 жылы Қазақстан ұлттық құрамасын жаттықтырып, жолдастық кездесулерде Әзірбайжан және Қытай құрамаларын ұтты. 2018 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңінде Польша және Румыния құрамаларымен тең түсті. 2017 жылы Қазақстан Футбол Федерациясында техникалық директор қызметін атқарды.

Автор: Айқын ЖАППАР

Теги: Владимир НикитенкоҚазақстан құрамасыЖастар құрамасыТалғат БайсуфиновTalgat BaisufinovKazakhstan U-21

Вернуться назад
★ Вы можете разместить вашу рекламу на нашем сайте. Напишите нам на whatsapp нажав на эту ссылку