«Қыран» қалықтаған күн...

Футбол
«Қыран» қалықтаған күн...
"Ақтөбе-Жас" – "Қыра" матчынан. Фото: fc-aktobe.kz
Бірінші лигада сегізінші турдың ойындары өтіп, «Қыран» тағы да жеңіске жетіп, басты бәсекелестерінен қара үзіп кетті.

«Қыран» бұл турда «Каспиймен» түзде ойнауы керек болатын. Бірақ Ақтау клубы өз алаңындағы ойындарын әлі Шымкентте өткізіп жүр. Көктемгі қарқыны адам қызығарлық оңтүстікқазақстандықтар аянған жоқ. Қарсыласын ірі есеппен тізе бүктіріп, басты бәсекелестерінен ұзап кетті...

Екінші және үшінші турларда сүрінген «Алтай» еңсе тіктей бастады. Бұл жолы «Екібастұзды» түзде ойсырата ұтты. Ал «Оқжетпес» өз алаңында көш соңындағы командалардың бірін, яғни «Шахтер-Болат» командасына азуын батыра алмай, екі ұпай жоғалтты.

«Қайраттың» жастары өз алаңында «Мақтааралдан» ұтылып қала жаздады. Матч соңында 10 ойыншымен қалған қонақтарының қақпасына гол соғып, 94-минутта тең ойынға қол жеткізді.

Соңғы үш турда екі-ақ ұпай еншілеген «Тараз» бұл жолы көсіле шауып, «Ақтөбенің» жастарына әлімжеттік жасады. «Байқоңыр» болса, «Жетісудың» қосалқы құрамынан басым түсті

«Каспий» – «Қыран» – 1:4
Голдар: Жолдасов, 2 (0:1). Махамбетов, 40 (0:2). Қалдыбай, 58 (0:3). Қалдыбай, 88 (0:4). Қызылтаев, 90+3 (1:4).

«Екібастұз» – «Алтай» – 0:4
Голдар: Вяткин, 17. Заречный, 21. Нүсіп, 76. Сұлтан, 84.

«Оқжетпес» – «Шахтер-Болат» – 1:1
Голдар: Бернацкий, 28-пенальтиден (0:1). Жұмаханов, 73 (1:1).

«Тараз» – «Ақтөбе-Жас» – 5:0
Голдар: Дудченко, 3. Таубай, 32. Тұрсынбай, 54. Құрғулин, 69-пенальтиден. Таубай, 72.
Алаңнан қуылды: Петренко, 47 («А-Ж», екінші ескерту).

«Қайрат А» – «Мақтаарал» – 2:2
Голдар: Павинич, 66 (0:1). Бахтияров, 69 (1:1). Төлегенов, 87 (1:2). Баа Гидеон, 90+4 (2:2).
Алаңнан қуылды: Бегалин, 90+1 («М»).

«Байқоңыр» – «Жетісу Б» – 2:0
Голдар: Дүйсенбаев, 7. Әрменов, 54.
Алаңнан қуылды: Отызбаев, 53 («Ж-Б», екінші ескерту).


Автор: Нұрғазы САСАЕВ

Теги: "Оқжетпес"Бірінші лига"Шахтер-Болат""Екібастұз""Мақтаарал""Алтай" ФК"Тараз" ФК"Байқоңыр""Каспий" ФК"Қыран""Қайрат А""Жетісу Б"

Вернуться назад