«Қыран» кетті шарықтап – «Оқжетпес» екінші рет ұтылды

Футбол
«Қыран» кетті шарықтап – «Оқжетпес» екінші рет ұтылды
«Ақтөбе-Жас» – «Каспий» – 3:2. Фото: pflk.kz
Бірінші лигада жетінші турдың ойындары өтіп, «Оқжетпес» өз алаңында сүрінді. Ал «Қыран» алтыншы рет жеңіске жетті.

«Қыран» Шымкентте «Байқоңырды» ойсырата ұтты. Сөйтіп, басты бәсекелестерінен қара үзе бастады. Ал «Оқжетпес» екінші рет ұтылды. Өткен турда, түзде «Екібастұзға» есе жіюеріп алса, бұл жолы өз алаңында «Қайраттың» жастарынан ұтылды.

«Алтай» мен «Тараз» арасындағы ойын тағы да тартысты өтті. Екінші таймда қонақтардың қақпашысы Самат Отарбаев пен орталық қорғаушысы Бекзат Шадманов алаңнан қуылып, «Тараз» тоғыз ойыншымен қалды. Жарты сағат екі ойыншысы артық болса да, шығысқазақстандықтар гол соға алмады.

«Жетісудың» жастары өз алаңында «Мақтааралдан» ұтылып қалса, «Ақтөбенің» бозбалалары «Каспий» футболшыларын бір доп айырмасымен ұтты. Ал «Екібастұз» Теміртауда Қарағанды кеншілерінің фарм-клубын тізе бүктірді.

«Қыран» – «Байқоңыр» – 3:0
Голдар: Махамбетов, 53. Рүстемов, 80-автогол. Әміров, 90+1.

«Оқжетпес» – «Қайрат А» – 0:1
Гол: Бахтияров, 72.

«Алтай» – «Тараз» – 0:0
Алаңнан қуылғандар: Отарбаев, 58. Шадманов, 62 (екінші ескерту).

«Жетісу Б» – «Мақтаарал» – 1:2
Голдар: Жақсылықов, 36 (1:0). Арипов, 70 (1:1). Павинич, 90+5 (1:2).

«Ақтөбе-Жас» – «Каспий» – 3:2
Голдар: Тайкенов, 27 (0:1). Оңғарбаев, 50 (1:1). Орынтаев, 58 (2:1). Кицак, 68 (3:1). Жақыпов, 90+1 (3:2) .

«Шахтер-Болат» – «Екібастұз» – 0:2
Голдар: Алекперзаде, 68. Оспанов, 90-автогол.


Автор: Нұрғазы САСАЕВ

Теги: "Оқжетпес"Бірінші лига"Шахтер-Болат""Екібастұз""Мақтаарал""Алтай" ФК"Тараз" ФК"Байқоңыр""Каспий" ФК"Қыран""Қайрат А""Ақтөбе-Жас""Жетісу Б"

Вернуться назад