Талгаев «Тараздан» кетіп қалды...

Футбол
Талгаев «Тараздан» кетіп қалды...
Фото: fctaraz.kz
«Тараз» футбол клубы бас бапкері Ваит Талгаевтың өз еркімен қызметінен кеткендігін ресми түрде жариялады.

Талгаев «Таразға» төртінші рет, 2017 жылдың қаңтар айында келген болатын. Өкінішке қарай, бұл жолы өзінің түлеп ұшқан командасымен жоғары жетістіктерге жете алмады. Былтыр тіпті «Тараз» премьер-лигадағы орнынан айырылып қалды. Биыл Бірінші лигада ойнап жүр...

Негізі, «Таразды» ерен жетістіктерге жетелеген дәл осы Талгаев болатын. Ваит Абдул-Хамидұлы «Таразбен» 1996 жылы Қазақстан чемпионы болып, 1995 және 1997 жылдары ел чемпионатының күміс жүлдегері болған. Басқа бапкермен бұл команда жүлдеге іліккен жоқ (ел кубогын есепке алмағанда)...

Білікті, ардагер бапкердің (11 мамырда 65-ке толатын) не үшін өз еркімен қызметінен кеткені нақты айтылмаған. Әзірше бас бапкер міндетін Нүркен Мазбаев атқаратын болыпты. «Тараз» дәл қазір алты ойыннан 11 ұпай еншілеп, Бірінші лигада 4-орынды иемденіп тұр.

Автор: Нұрғазы САСАЕВ

Теги: Ваит ТалгаевотставкаҚазақстан чемпионатыБас бапкерБірінші лигаНүркен Мазбаев"Тараз" ФКFC Taraz

Вернуться назад