"Бәрі де Бәкеңе байланысты". Дмитрий Васильев "Ордабасыға" көмектесе алатынын мәлімдеді

Футбол
"Бәрі де Бәкеңе байланысты". Дмитрий Васильев "Ордабасыға" көмектесе алатынын мәлімдеді
"Бәрі де Бәкеңе байланысты". Дмитрий Васильев "Ордабасыға" көмектесе алатынын айтты
Осыдан 2-3 жыл бұрын қазақ футболының басты «шоумендерінің» бірі болған Дмитрий Васильев Еуропа лигасынан тыс қалған «Ордабасы» футбол клубына көмектескісі келетінін мәлімдеп, шымкенттіктердің бұл дауды өз пайдасына шешу мүмкіндігі зор екендігін жазды.

Қазақстан футбол федерациясының экс-бас менеджері, «Ақтөбе» футбол клубының бұрынғы директоры Дмитрий Васильев түрмеге отырып шыққаннан кейін де тыныш жүрер емес. Бүгін ол «Ордабасы» футбол клубының Еуропа лигасынан шығып қалуына байланысты әлеуметтік желідегі жеке парақшасында былай деп пікір қалдырды:

– Еуропа лигасынан тыс қалған «Ордабасы» футбол клубының аппеляция беруіне төрт күн қалды. Құқықтық тұрғысынан алғанда заң шымкенттіктер жағында. Ал клуб басшылары команда мен жанкүйерлерінің құқығын қорғауға дайын ба? Міне, мәселе сонда. Жауабын жақында білеміз, - деп жазды Васильев.

Ал осыдан бес күн бұрын ол «Ордабасыға» көмектесуге дайын екендігін жазып, ол үшін шымкенттік клубтың басшылығына талап қойған.

– Достар, әсіресе, Шымқаланың жанкүйерлері! Бақтияр Даниярұлы Байсейітовке жеткізіңіздерші, егер ол менің көмегіме жүгініп, маған бүгін-ертең өкілеттік бере алса, мен «Ордабасыға» Еуропа лигасының жолдамасын қайтарып беруге кепіл беремін. Ақшасы жағынан келісеміз. Бәкең Федерацияға сөз жүзінде емес, іс жүзінде қарсы шыға ала ма? Бар мәселе осы ғана..., - деген болатын.

Естеріңізге сала кетейік, сәуірдің 26-сы күні Қазақстан футбол федерациясы «Ордабасының» бұрынғы қарыздары үшін клубты Еуропа лигасынан айырып, лицензияны Қостанайдың «Тобылына» берген болатын. Осылайша, өз тарихында тұңғыш рет ел чемпионатының қола жүлдегері атанған шымкенттіктер биыл еурокубоктан тыс қалды.

Автор: Әзиз ЖҰМАДІЛ

Теги: Ордабасы Еуропа лигасыТобыл Еуропа лигасыДмитрий Васильев Ордабасы

Вернуться назад