Көшбасшылар сүрінді – «Қыран» тең түсіп, «Оқжетпес» ұтылды

Футбол
Көшбасшылар сүрінді – «Қыран» тең түсіп, «Оқжетпес» ұтылды
«Тараз» – «Шахтер-Болат» – 1:1. Фото: fctaraz.kz
Бірінші лиганың алтыншы туры кездейсоқ нәтижелерге толы болды. Көшбасшылардың екеуі де сүрінді.

«Мақтаарал» мен «Қыран» Атакентте (ОҚО), «Алпамыс батыр» атындағы стадионда додаға түсіп, тең түсті. Ал «Оқжетпес» түзде «Екібастұзға» есе жіберіп алды. «Каспий» үйдегі ойындарын әлі Шымкентте өткізіп жүр. Бұл турда «Алтайдан» оңбай ұтылды. Ал шығысқазақстандықтар осы жеңістерінің арқасында үшінші орынға көтерілді.

Бұл турда «Тараз» таң қалдырды. Өз алаңында көш соңында ілбіп келе жатқан аутсайдерлердің бірі «Шахтер-Болат» клубынан ұтылып қала жаздады. Тек 93-минутта есепті теңестіріп (негізгі уақытқа 6 минут қосылған-ды), бір ұпайға әупіріммен қол жеткізді. «Қайрат» пен «Жетісудың» жастары арасындағы матчта алматылықтар жеңіске жетті. «Байқоңыр» мен «Ақтөбе-Жас» гол соға алмай, «итжығыс» түсті.

«Мақтаарал» – «Қыран» – 1:1
Голдар: Задорожный, 22 (1:0). Махамбетов, 74 (1:1).

«Екібастұз» – «Оқжетпес» – 1:0
Гол: Недашковский, 31.

«Каспий» – «Алтай» – 0:4
Голдар: Қайқыбасов, 19. Шакин, 27. Нүсіп, 62. Сұлтан, 83.
Алаңнан қуылды: Ұмашев («А»), 89 (екінші ескерту).

«Тараз» – «Шахтер-Болат» – 1:1
Голдар: Әділов, 55 (0:1). Воротников, 90+3 (1:1).

«Қайрат А» – «Жетісу Б» – 3:1
Голдар: Жақсылықов, 42 (0:1). Адахаджиев, 50 (1:1). Котов, 71-пенальтиден (2:1). Сәрсенов, 74-автогол (3:1).
Алаңнан қуылды: Қашкен («Ж-Б»), ойын аяқталған соң (екінші ескерту).

«Байқоңыр» – «Ақтөбе-Жас» – 0:0


Автор: Нұрғазы САСАЕВ

Теги: "Оқжетпес"Бірінші лига"Шахтер-Болат""Екібастұз""Мақтаарал""Алтай" ФК"Тараз" ФК"Байқоңыр""Каспий" ФК"Қыран""Қайрат А""Ақтөбе-Жас""Жетісу Б"

Вернуться назад