Жасөспірімдер құрамасы Грузияда додаға түседі

Футбол
Жасөспірімдер құрамасы Грузияда додаға түседі
Фото: kff.kz
Жасөспірімдер арасындағы Қазақстан құрамасы (U-17) Грузияда өтетін UEFA «Даму кубогы» халықаралық турниріне қатысады, деп хабарлайды ҚФФ ресми сайты.

17 жасқа дейінгі еліміздің жасөспірімдер арасындағы құрамасы 26 сәуір күні Талғардағы оқу-жаттығу базасына жиналған болатын. Содан бері оқу-жаттығу жиынын өткізіп жатыр. Ертең, яғни 1 мамыр күні Грузия астанасына сапар шегеді.

Тбилисиде олар UEFA туы астында өтетін «Даму кубогы» халықаралық турнирінде бақ сынайды. Қарсыластары – Беларусь, Румыния және Грузия елдерінің жасөспірімдер арасындағы құрамалары. Ойын күнтізбесі төмендегідей:

02.05.18, сәрсенбі: Грузия – Қазақстан
04.05.18, жұма: Беларусь – Қазақстан
06.05.18, жексенбі: Румыния – Қазақстан

Қазақстан-U17 құрамасының сапы:

қақпашылар – Әділ Жанайдар, Владимир Бирюков (екеуі де – «Қайрат»), Константин Пузанов («Динамо» Минск);

қорғаушылар – Асқар Сатышев («Оңтүстік» академиясы), Арсен Азатов, Абдулла Шен, Егор Ткаченко, Александр Ни, Роман Балута, Влад Бутырин, Александр Широбоков, Лев Кургин (бәрі де – «Қайрат»), Исмат Шакиров («Монтажник»), Юрий Аханов («Астана»);

жартылай қорғаушылар – Дарын Ергешев, Қаһарман Хасанов, Ринат Серікқұл, Әділхан Добай, Димаш Нышантай (бәрі де – «Оңтүстік» академиясы), Айбар Құсайынов, Ален Айманов, Александр Бовкун (бәрі де – «Қайрат»), Денис Митрофанов («Алтай»);

шабуылшылар – Арман Алтаев («Қайрат»), Юрий Рогальский («Ертіс»).

Қосалқы құрам: 

Қайрат Жақыпбеков, Ғалымжан Кенжебек, Омар-Васил Нұртаев (бәрі де – «Қайрат»), Айдос Белгібаев («Ертіс»).

Жаттықтырушылар құрамы: 

Игорь Свечников – аға жаттықтырушы,
Ерлан Махамбедиев – аға жаттықтырушының көмекшісі,
Иван Азовский – аға жаттықтырушының көмекшісі,
Николай Родионов – қақпашылар жаттықтырушысы.

Автор: Айқын ЖАППАР

Теги: Қазақстан құрамасыЖасөспірімдер құрамасыГрузияДаму кубогыОқу-жаттығу жиыныҚазақстан U-17UEFAKazakhstan U-17

Вернуться назад
★ Вы можете разместить вашу рекламу на нашем сайте. Напишите нам на whatsapp нажав на эту ссылку