"Жетісуды" жеңген "Атырау" маусымдағы алғашқы жеңісіне қол жеткізді

Футбол
"Жетісуды" жеңген "Атырау" маусымдағы алғашқы жеңісіне қол жеткізді
"Жетісуды" жеңген "Атырау" маусымдағы алғашқы жеңісіне қол жеткізді
Өз алаңында «Жетісуды» жеңген «Атырау» осы маусымдағы алғашқы жеңісіне қол жеткізді.

Жалпы, бұл екі команда бұған дейін өзара тұп-тура 40 рет кездескен екен. Соның 17-сін «Атыраудың» пайдасына шешілсе, жетеуі тең аяқталып, қалған 16 матчта «Жетісу» жеңіпті. Гол айырмашылығы – 49:46, талдықорғандықтардың пайдасына. Бұл олардың 41-ші кездесуі болатын.

«Атырау» – «Жетісу» (Талдықорған) 1:0 (0:0)

Гол: Хайруллин, 68 (1:0).

Ескертулер: Касрадзе 40, Бабатунде 90.

«Атырау»: Пасеченко, Аблитаров, Зенькович, Максимович, Сергиенко (Әбдрахманов 72), Қалмұратов, Нұрыбеков (Бабатунде 63), Хайруллин (к), Чичулин (Эсатов 53), Аслан, Жұматов.

Резерв: Логиновский, Живкович, Землянухин, Сикимич, Қайраллиев, Сапаров.

«Жетісу»: Шабанов, Касрадзе (Бойович 76), Главина, Мавутор, Оганесян (Ибраев 58), Малакян, Куклис (к), Джалилов, Мухутдинов (Қожамберді 70), Қуантаев, Хромцов. 

Резерв: Аязбаев, Мартинович, Садовничий, Әділханов, Нұрмұхамет, Рудосельский.

Төрешілер: Игорь Чесноков (Өскемен), Сергей Васютин (Алматы), Рустам Бейжанов (Петропавл).

Атырау қаласы, "Томарлы" стадион. 1000 көрермен.

Алғашқы төрт турда ұтылып, кейінгі екеуінде тең түскен «мұнайшылар» ақыры 7-ші турда жеңіске жетті. Алайда, өткен турда «Ертісті» жеңіп, еңсе тіктеген «Жетісу» бұл матчта да жеңіске құлшынып шықты. Шынын айтқанда, алаң иелеріне қарағанда талдықорғандықтардың жеңіске жететін мүмкіндігі көбірек болған. Әсіресе, қартаймайтын Олег Хромцов қауіпті еді. Сондай-ақ, ұзақ жылдар Бірінші лигада доп теуіп, Премьер-лигаға оралған Сабырхан Ыбыраев та қолды-аяққа тұрған жоқ. Дисквалификациясына байланысты трибунада отырған Дмитрий Огай да оңтайлы сәт түссе болды, ойынды басқарып отырған көмекшісі Қайрат Аймановқа тапсырмау беріп қалумен болды. Осылайша кездесу қонақтар үшін сәтті өтіп жатқан. Кенет оң қапталдан ойқастай шапқан Эдуард Сергиенко «бавариялық» Арьен Роббеннің мәнерінде қарсыласын қапы қалдырды да, сол аяғымен пасты әуелете асыра салды. Тәжірибелі Марат Хайруллиннің де күтіп тұрғаны осы екен, допқа басын қоя салды. Есеп – 1:0, бұл осы ойындағы жалғыз гол еді. Капитаны соққан голдың арқасында «Атырау» осы маусымдағы алғашқы жеңісіне қол жеткізді.


Автор: Әзиз ЖҰМАДІЛ

Теги: ФК АтырауЖетісу ФКҚазақстан Премьер-лигасыҚазақстан чемпионатыАтырау - Жетісу

Вернуться назад
★ Вы можете разместить вашу рекламу на нашем сайте. Напишите нам на whatsapp нажав на эту ссылку