Еркебұлан Сейдахмет ертең де алаңға шықпай ма?

Футбол
Еркебұлан Сейдахмет ертең де алаңға шықпай ма?
Фото: bashinform.ru
Қазақтың талантты жас футболшысы Еркебұлан Сейдахмет жарақаттанып қалыпты.

Ертең Башқұртстанның «Уфа» футбол клубы Ресей чемпионатының ХХVІІ трындағы ойынын Мәскеуде «Локомотв» клубымен өткізеді. Қазақтың жас шабуылшысы Еркебұлан Сейдахмет бұл ойында да алаңға шыға алмайтын секілді.

Осыдан екі күн бұрын bashinform.ru басылымы таратқан ақпаратқа сенсек, Еркебұлан 19 сәуір күні өткен жаттығу жұмысы барысында жарақаттанып қалған. Енді оның Мәскеуде алаға шықпауы мүмкін. «Уфа» өткен турда ЦСКА футболшыларын өз алаңында қабылдап, 1:1 есебімен тең түскен.

Сол ойында Еркебұлан алаңға шыққан алаңға шыққан жоқ болатын. Жалпы, ол «Уфа» сапына ауысқалы екі рет алаңға шығып, үш ойында қосалқы құрам орындығында отырды. Ал соңғы ойында ойын хаттамасына да іліккен жоқ. Ертең де ілікпеуі әбден мүмкін секілді...

Айтпақшы, «Уфа» клубында жағымды жаңалық бар. Өздеріңіз білесіздер, жақында «Манчестер Сити» клубы Англия чемпионы болды. Осы команданың сапында Украинаның жас таланты Александр Зинченко да алтынмен апталатын болды. Ал ол ағылшын клубына Башқұртстан командасынан ауысқан.

Иә, Зинченко бір жарым жылдай (2015-2016 жж) «Уфа» сапында ойнап, шеберлігін шыңдай түскен. Енді оның Англияда чемпион болғаны үшін Башқұртстан клубына ақшалай бонус қарастырылуы керек. «Уфаны» бас директоры Шамиль Газизов мұны жоққа шығармайды. «Бұл жағымды жаңалық, енді жұғымды бонус болса дейміз», депті өз клубының ресми сайтына.

Автор: Нұрғазы САСАЕВ

Теги: Еркебулан Сейдахмет"Тараз" ФКЖарақат"Манчестер Сити"Жас талантErkebulan Seidahmet"Уфа" ФКҚазақтың "Мессиі"

Вернуться назад