Қазақстан құрамасы Әзірбайжан құрамасымен жолдастық кездесу өткізеді

Футбол
Қазақстан құрамасы Әзірбайжан құрамасымен жолдастық кездесу өткізеді
Фото: kff.kz
Қазақстан футбол федерациясының ресми сайты ұлттық құрамамыздың Әзірбайжан құрамасымен жолдастық кездесу өткізетіндігін жариялады.

Екі елдің футбол федерациялары жолдастық кездесу өткізу туралы мәмілеге келген. Осы келісім бойынша, Қазақстан және Әзірбайжан ұлттық құрамалары жасыл алаңда додаға түсетін өткізетін болыпты. Бұл матч 5 маусым күні елордадағы «Астана Арена» стадионында өтеді екен.

Сонымен қатар, екі елдің ұлттық футбол федерациялары келісімі аясында жастар арасындағы құрамалары да жолдастық кездесу өткізетін болыпты. Қазақстан-U21 және Әзірбайжан-U21 құрамалары арасындағы матч 4 маусымға жоспарланыпты. Жастар да «Астана Арена» стадионында додаға түседі екен.

Осы ретте, естеріңізге сала кетейік, қазір Әзірбайжан құрамасы FIFA рейтингінде 126-орында тұр. Бас бапкері – Гурбан Гурбанов. Қарт Каспийдің арғы бетіндегі көршілеріміз бізге дейін Қырғызстан (29 мамырда), бізден кейін Латвия (9 маусымда) құрамаларымен де жолдастық кездесу өткізетін көрінеді.

Автор: Нұрғазы САСАЕВ

Теги: Станимир СтоиловҚазақстан құрамасыҰлттық құрамаЖастар құрамасыжолдастық кездесуӘзірбайжан құрамасыKazakhstan national football team

Вернуться назад
★ Вы можете разместить вашу рекламу на нашем сайте. Напишите нам на whatsapp нажав на эту ссылку