Қазақ додасынан тағы бір талантты футболшы кетіп қалды

Футбол
Қазақ додасынан тағы бір талантты футболшы кетіп қалды
Фото fcshakhter.by сайтынан
Қарағандының «Шахтері» сарында ойнаған Словакияның жас таланты Юлиус Сзоке Беларусь елінде бағын сынауға кетті.

2016 және 2017 жылдары тамырында венгр қаны соққан Юлиус Сзоке Қарағандыда жергілікті «Шахтер» клубының намысын қорғады. 22 жастағы еңбекқор, талапты жігіт өзінің көпшілік көзайымына айналды. Кеншілер клубы сапында 55 ойын өткізіп, бес гол соқты.

Өкінішке қарай, осы дарынды жігіт Беларусь еліндегі «Шахтер» (Солигорск) клубына ауысып кетті. Бұл команда Сзокемен 2 (екі) жылға келісімшартқа отырғандарын ресми түрде қуана жариялады. Словакияның жастар құрамасы сапында ойнаған жас жігітке үлкен сенім артып отыр.

Ал басшылары мен бапкерлері жиі ауысып, қым-қуыт тірлікпен әркім өз басын ойлап жүрген кеншілер клубы осындай әлеуеті зор футболшыдан айырылып қалды. Әрі оған қынжылып отырған ешкім де жоқ сияқты. Өйткені маусым аралығында тағы да бастан-аяқ ауыс-түйіс жүзеге асырылып жатыр...

Биылғы маусым аралығында Қазақстан премьер-лигасынан деңгейі жоғары ойыншылардың кетіп жатқаны қынжылтады. Бәлкім, бұл уақытша жағдай болар. Десек те, Еркебұлан Сейідахмет, Жерар Гоу, Юлиус Сзоке және т.б. футболшылар енді қазақ додасының көрігін қыздырмайды...

Автор: Айқын ЖАППАР

Теги: Қазақстан Премьер-лигасыҚазақстан чемпионатыТрансфер жаңалықтары"Шахтер" ФК"Шахтер" (Солигорск)Kazakhstan Premier LeagueShakhter KaragandyЮлиус СзокеJulius Szoke

Вернуться назад
★ Вы можете разместить вашу рекламу на нашем сайте. Напишите нам на whatsapp нажав на эту ссылку