«Тараздан» «Тосноға» – Қазақ додасынан Ресей премьер-лигасына!

Футбол
«Тараздан» «Тосноға» – Қазақ додасынан Ресей премьер-лигасына!
Фото fctosno.ru сайтынан
Црна Гора құрамасының қорғаушысы Неманья Миюшкович Ресей премьер-лигасындағы «Тосно» клубымен келісімшартқа отырды.

2017 жылы «Тараз» футбол клубының намысын қорғаған Црна Гора құрамасының орталық қорғаушысы Ресей премьер-лигасында ойнайтын «Тосно» клубымен еңбек келісіміне қол қойыпты. Келісімшарт мерзімі – 2 (екі) жыл.

25 жастағы қорғаушы өткен маусымда Қазақстан премьер-лигасында 27 ойын өткізіп, бір гол соқты. Ол 2016 жылы Црна Гора құрамасының сапында үш ойын өткізген болатын. Македонияның «Вардар» клубы сапында Чемпиондар лигасының іріктеу сатысында бірнеше ойын өткізгендігін де айрықша атап өтуге болады.

Жалпы, Миюшкович ОФК (Белград), «Динамо» (Мәскеу, Ресей), «Амкар» (Пермь, Ресей), «Сараево» (Босния), «Рудар» (Црна Гора), «Вардар» (Македония) клубтары сапында ойнап, «Таразға» 2017 жылдың басында келген болатын.

Автор: Нұрғазы САСАЕВ

Теги: Неманья МиюшковичҚазақстан Премьер-лигасыҚазақстан чемпионатыТрансфер жаңалықтары"Тараз" ФКKazakhstan Premier LeagueFC Taraz"Тосно"Nemanja Mijuskovic

Вернуться назад