Еркебұлан Сейідахметті Ресей алып ала ма?..

Футбол
Еркебұлан Сейідахметті Ресей алып ала ма?..
Еркебұлан Сейідахмет Қазақстан құрамасының жейдесінде... Фото: granatkin.com
17 жасында «Қазақтың Мессиі» атанған талантты жас футболшымыз Еркебұлан Сейідахметке Ресей мамандарының көзі түсіп, қалай да өздеріне алып алуды көздейтіндей...

Жақында Ресей құрамасы Сочиде Кот-д'Ивуар футболшыларынан 0:2 есебімен ұтылды. Жалпы, қазанның 10-нан бері төрт жолдастық кездесу өткізіп, соның үшеуінде ұтылып қалды. Енді, әрине, жанкүйерлері де, мамандары да алаңдаулы...

Осы ретте, «Спорт экспресс» газеті Кот-д'Ивуардің бірнеше футболшысының мүддесін қорғайтын, футбол агенті Дмитрий Селюктен сұхбат алған. Аталған маман сұхбатының соңында «Ресей құрамасына жас таланттарды тауып, тарту керек, мәселен посткеңестік кеңістіктен, оларға азаматтық алып беру керек», – депті.


Фото: rusfootball.info

Журналистің «сіз кім туралы» деген сұрағына:

17 жастағы Қазақстан бозбаласы Гранаткин мемориалында жарқырап көзге түсті. Оның аты-жөні ұзақтау, біз оны Еркош деп атаймыз. «Зениттің» жеткіншектерімен бірге жаттығу жұмыстарын жүргізді, төрт гол соқты. Қазір оған испандықтар көз салып, қызығып отыр! Неге ресейлік клубтарға оны өздеріне тартып, азаматтық алып бермеске? Тек қимылдау керек...», – деп жауап берген.


Бұл қалай? Түк түсінсек бұйырмасын. Посткеңестік кеңістік сіздің жеке меншігіңіз бе еді, Селюк мырза? Қазақтың қарадомалағын ресейліктер Еркош деп иемденіп алған да ма? Олар әлден жас талантымызды азғырып жүрген жоқ пе екен? Неге біздің ұлттық федерация, «Тараз» клубы үнсіз?!

Бұған дейін жазғанымыздай, Еркебұлан Сейідахмет «Тараз» клубымен бір жылға келісімшартқа отырған. Бір жылға ғана! Неге бір жылға? Еркебұланның өзін іздестіріп көріп едік, тілдесудің сәті түспей отыр. Сондықтан «Тараз» басшыларымен сөйлестік. Оны сәлден кейін жариялаймыз...

Автор: Нұрғазы САСАЕВ

Теги: "Тараз" ФК"Зенит" РесейГранаткин мемориалыҚазақстан U-19Еркебұлан СейідахметЖас талантДмитрий СелюкФутбол агенті

Вернуться назад