Еліміздің жастар құрамасы неміс клубынан ұтылды

Футбол
Еліміздің жастар құрамасы неміс клубынан ұтылды
Жастар құрамасы жаттығу барысында. Фото: kff.kz
Германияда оқу-жаттығу жиынын өткізіп жатқан Қазақстан жастар құрамасы (U21) «Кайзерслаутерн» клубының жастарымен жолдастық кездесу өткізіп, 2:3 есебімен ұтылып қалды.

21 наурыздан бері Германияда оқу-жаттығу жиынын өткізіп, жастар арасындағы 2019 жылғы Еуропа чемпионатының електік сатысына дайындалып жатқан Қазақстан-U21 құрамасы неміс жерінде жолдастық кездесу өткізді. Атап айтқанда, «Кайзерслаутерн» клубының жас таланттарымен кездесіп, ұтылып қалды.

Владимир Никитенко жаттықтыратын жастар құрамасы сапынан гол соққандар – Максим Федин мен Оралхан Өміртаев. Әрі Қазақстан-U21 құрамасы әр таймда әр түрлы құраммен ойнаған.

Бірінші тайм: Бұсұрманов, Әбікен, Мәжитов, Әбілғазы, Соколенко, Люхай, Антипов, Сламбеков, Перцух, Федин, Жалмұқан.

Екінші тайм: Закиров (Грубов, 68), Әбікен (Зайнетдинов, 68), Шадманов, Саханенко, Қалмұратов, Перцух, Гладченко, Шәмші, Наджарян, Әлмұрзаев, Өміртаев.

Енді, 28 наурыз күні Қазақстан-U21 құрамасы жастар арасындағы 2019 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу турниріндегі алғашқы ойынын өткізеді. Түзде Люксембург жастарымен кездеседі. Бұл ойын Астана уақытымен 22:00-де басталады.

Автор: Айқын ЖАППАР

Теги: Владимир НикитенкоМаксим ФединҚазақстан құрамасыЖастар құрамасыжолдастық кездесуОқу-жаттығу жиыныГерманияОралхан ӨміртаевҚазақстан-U21

Вернуться назад