Кипр құрамасының тізімі – Португалия футболшысымен күшейді

Футбол
Кипр құрамасының тізімі – Португалия футболшысымен күшейді
Кипр құрамасы дайындық барысында. Фото: goal.com.cy
Кипр құрамасы Қазақстан және Эстония футболшыларымен өтетін екі ойынға дайындалатын құрамын жариялады.

25 наурызда Кипр құрамасы Эстония футболшыларымен 2018 жылғы әлем чемпионатының іріктеу турнирі аясындағы ресми ойынын өткізеді. Осыған орай, 20 наурыздан бастап, оқу-жаттығу жиынын өткізеді. Жаттығу жиыны барысында, атап айтқанда, 22 наурыз күні Қазақстан құрамасымен жолдастық кездесу өтікізіп, дайындықтарын пысықтайды.

Кипр құрамасының бас бапкері Христакис Христофору аталған жиынға 25 футболшы шақырыпты. Олардың арасында құрама сапына алғаш рет шақыртылып отырған бірнеше футболшы бар. Біздің есебіміз бойынша – төртеу (Андреас Кириаку, Фанос Кателарис, Андреас Панайоту және Ренато Маргаса).

Соңғысына ерекше көңіл аударған дұрыс сияқты. Негізі, Ренато Маргаса – Португалия футболшысы. 2008 жылдан бері Кипрде ойнайды. 2011 жылдан бастап «Омония» клубының сапында ойнап жүр. Кипр азаматтығын алып, енді осы елдің намысын қорғайтын болыпты.

Айтпақшы, Кипр құрамасының белді екі ойыншысы, атап айтқанда, қорғаушы Джейсон /Ясон/ Деметриу («Саутенд Юнайтед», Англия) және шабуылшы Пиерос Сотириу (АПОЭЛ) Эстониямен өтетін ойында алаңға шыға алмайды. Сондықтан бұл жиынға екеуі де шақырылмапты.

Енді Кипр құрамасы сапына шақыртылған 25 футболшымен таныс болыңыздар:  

қақпашылар  Костас Панайи ("Омония"), Антонис Георгаллидис (АЕК), Михаэл Неофитос ("Неа Саламина");  

қорғаушылар – Элиас Хараламбус (АЕК), Валентинос Сиелис ("Конвон", Оңтүстік Корея), Андреас Авраам ("Лариса"), Мариос Стиляну ("Аполлон"),  Нектариос Александру, Гиоргис Меркус, Николас Иоанну (бәрі де – АПОЭЛ), Андреас Кириаку (АЕЛ); 

жартылай қорғаушылар – Григорис Кастанос ("Пескара", Италия), Костас Лаифис ("Стандарт", Бельгия), Винсент Лабан (АЕК), Костакис Артиматас (АПОЭЛ), Харалабос Кирьяку ("Аполлон"), Никос Энглезу ("Неа Саламина"), Димитрис Христофи, Фанос Кателарис, Андреас Панайоту, Ренато Маргаса (бәрі де – "Омония"),; 

шабуылшылар – Андреас Макрис ("Уолсолл", Англия), Несторас Митидис, Костас Хараламбидис (екеуі де – АЕК), Онисифорос Рушиас ("Омония").

Автор: Әлихан ЖАППАР

Теги: Қазақстан құрамасыжолдастық кездесуОқу-жаттығу жиыныІріктеу ойындарыӘлем чемпионаты - 2018Кипр құрамасы

Вернуться назад