Екінші турдың үздіктері – Жарко Маркович пен “Астана”

Футбол
Екінші турдың үздіктері – Жарко Маркович пен “Астана”
Жарко Маркович екінші турда гол да соқты, қорғаныста да көзге түсті. Фото: okzhetpes.kz
Еліміздің Кәсіпқой футбол лигасы Instat компаниясының сараптамаларына сүйене отырып, Қазақстан премьер-лигасының 2-турындағы статистикалық мәліметтерді жариялады.

Командалық көрсеткіштер

Instat индексі: 1. «Астана» – 234, 2. «Қайсар» – 216, 3. «Ертіс» – 215.

Техникалық-тактикалық айла-тәсілдер: 1. «Астана» (1 262), 2. «Шахтер» (1 047), 3. «Ордабасы» (1 026).

Қақпаға бағыттаған соққылар (жақшада – тура соққылар): 1. «Қайсар» – 20 (10), 2. «Қайрат» – 20 (8), «Астана» – 17 (4).

Допты өздерінде көп ұстағандар (жақшада – уақыты): 1. «Астана» (42:32), 2. «Шахтер» (35:22), 3. «Ордабасы» (33:20).

Шабуылдар саны: 1. «Астана» – 132, 2. «Ордабасы» – 127, 3. «Шахтер» – 124.

Пастар (жақшада – дәл пастары): 1. «Астана» – 799 (687), 2. «Шахтер» – 638 (526), 3. «Ордабасы» – 578 (469).

Допқа таласқан сәттер (жақшада – сәтті аяқталғаны): 1. «Қайсар» – 208 (110), 2. «Атырау» – 219 (117), 3. «Тобыл» – 182 (96).

Доп тартып алу: 1. «Ертіс» – 29, 2. «Тараз» – 23, 3. «Оқжетпес» – 23.

Жеке көрсеткіштер

Instat индексі: 1. Жарко Маркович («Қайрат») – 347, 2. Серікжан Мұжықов («Астана») – 263, 3. Бақдәулет Қожабаев («Ордабасы») – 260.

Instat индексі (қақпашылар): 1. Саша Стаменкович («Оқжетпес») – 232, 2. Дмитрий Непогодов («Тобыл») – 227, 3. Александр Мокин («Астана») – 223.

Техникалық-тактикалық айла-тәсілдер: 1. Юрий Логвиненко («Астана») – 146, 2. Дмитрий Шомко («Астана») – 132, 3. Марин Аничич («Астана») – 126.

Қақпаға бағыттаған соққылар (жақшада – тура соққылар): 1. Матиас Курьор («Қайсар») – 6 (4), 2. Исаэль («Қайрат») – 4 (2), 3. Стефан Николич («Қайсар») – 3 (2).

Ереже бұзу: 1. Жақып Қожамберді («Тараз») – 6, 2. Нұртас Құрғулин («Тараз») – 5, 3. Альмир Мухутдинов («Тобыл») – 5.

Ойын ережесін бұзуға мәжбүрлеу: 1. Максим Федин («Оқжетпес») – 6, 2. Александр Козлов («Оқжетпес») – 6, 3. Томаш Шимкович («Тобыл») – 6, 4. Абдуллае Диакате («Ордабасы») – 6.

Допқа таласып, алып алғандар: 1. Стефан Николич («Қайсар») – 19, 2. Юлиус Сзоке («Шахтер») – 18, 3. Максим Фещук («Тараз») – 17.

Дриблинг: 1. Серікжан Мұжықов («Астана») – 5, 2. Изу Азука («Ақжайық») – 5, 3. Абдуллае Диакате («Ордабасы») – 5.


ҚР Кәсіпқой футбол лигасы

Автор: Әлихан ЖАППАР

Теги: Бауыржан ИсламханЖарко МарковичСаша СтаменковичҚазақстан Премьер-лигасыҚазақстан чемпионаты"Қайрат"InstatСерікжан Мұжықов"Астана" ФКТур үздіктері

Вернуться назад
★ Вы можете разместить вашу рекламу на нашем сайте. Напишите нам на whatsapp нажав на эту ссылку