Жас жаттықтырушыларымыз УЕФА семинарына барады

Футбол
Жас жаттықтырушыларымыз УЕФА семинарына барады
Қайрат Нұрдәулетов жасыл алаңдағы карьерасын аяқтағанда... Фото: fca.kz
Еліміздің ұлттық және жесөспірімдер құрамаларының үш жаттықтырушысы УЕФА семинарына қатысып, біліктілік деңгейлерін жетілдіріп келеді.

Бүгін футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының сапы жарияланған. Бірақ бапкерлер құрамында Қайрат Нұрдәулетов болған жоқ. Әрине, біз бұған қайран қалдық. Кешке қарай мұның себебі белгілі болды.

Қазақстан футбол федерациясының ресми сайты еліміздегі үш жас бапкердің жаттықтырушыларға арналған УЕФА семинарына қатысытындығын жариялады. Бұл семинар 27-30 сәуір аралығында, Ньюпортта (Уэльсте) өтеді екен.

Оған біздің елден Қазақстан ұлттық құрамасы бас бапкерінің көмекшісі Қайрат Нұрдаулетов, 19 жасқа дейінгі Қазақстан жасөспірімдер құрамасының аға бапкері Александр Кузнецов және 17 жасқа дейінгі Қазақстан жасөспірімдер құрамасы аға бапкерінің көмекшісі Ерлан Махамбедиев барып, біліктілік деңгейлерін жетілдіріп қайтады екен.

Автор: Әлихан ЖАППАР

Теги: УЕФААлександр КузнецовЕрлан МахамбедиевҚазақстан құрамасыҰлттық құрамаҚайрат НұрдәулетовҚазақстан U-19Қазақстан U-17Семинар

Вернуться назад