950 миллион теңге – “Ақжайық” ең кедей команда ма?..

Футбол
950 миллион теңге – “Ақжайық” ең кедей команда ма?..
"Ақжайық" 2017 жылға құрамын жасақтап болды... Фото: fc-akzhayik.kz
Жұма күні Оралда «Ақжайық» футбол клубының жаңа маусым алдындағы ресми таныстырылымы өтті. Іле-шала клубтың бюджеті 950 миллион теңге екені жарияланды.

950 миллион теңге...

Клубтың ресми сайты жаңа маусым қарсаңындағы таныстырылым салтанаты және команда сапындағы ойыншылары туралы ғана жазды. Ал отандық bnews.kz басылымында «Ақжайық» футбол клубының бюджеті жұпыны екендігі, бар болғаны 950 миллион теңгені құрайтындығы баяндалды.

950 миллион теңге – бұл дәл қазіргі валюта бағамына шаққанда, шамамен 3 миллион АҚШ долларына тең қаражат. Көп пе, аз ба, оны өздеріңіз бағамдай жатарсыздар, бірақ Қазақстан премьер-лигасындағы клубтардың бюджетінен аз екені рас...

Легионерлері   

«Атырау» биылғы қысқы трансфер кезеңінде 11 жаңа ойыншымен келісім-шартқа отырыпты. Оның үшеуі – легионерлер. Атап айтқанда – Йован Николич (Црна Гора), Азу Изука (Нигерия), Аренас Дельгадо (Колумбия).

Қалғандары былтырғы маусымда ойнаған легионерлер – Фредди Ортиз Коронель (Парагвай), Майкл Одибе (Нигерия), Предраг Говедарица (Сербия), Матиас Рубио (Чили), Константин Дудченко (Украина).

Өз түлектері мен жаңа ойыншылары

Бүгінде «Ақжайық» сапында жеті жергілікті футболшы бар. Олар – қақпашы Александр Удалов, қорғаушылар Мейрам Сапанов, Еркін Тапалов, Бауыржан Омаров, жартылай қорғаушылар Иван Антипов, Руслан Валиуллин және Мирад Жарылғасов.

Сонымен қатар, биылғы маусым аралығында басқа командалардан бірнеше қазақстандық және «Қазақстан футболының түлегі» санатына жататын футболшылар ауысып келді. Олар – Вячеслав Котляр, Дмитрий Шмидт, Константин Заречный, Азат Ерсәлімов (бәрі де – «Алтай»), Георгий Макаев, Юрий Перцух (екеуі де – «Қызыл-Жар»), Андрей Шабаев («Жетісу»), Самит Чулагов («Бәйтерек»).

ОЖЖ және жолдастық кездесулер 

«Ақжайық» жаңа маусым дайындығын желтоқсанда бастап, жаттығу жұмыстарын өткізді. Содан кейін 8-28 қаңтар және 6-26 ақпан аралығында Түркияда екі рет оқу-жаттығу жиындарын (ОЖЖ) өткізді. 27 ақпанда Оралға ұшып келді.

Осы екі оқу-жаттығу жиыны барысында бірнеше жолдастық кездесулер өткізді. Біз солардың нәтижесін ұсынып отырмыз (ұмыт қалған кездесулер болса, кешірім сұраймыз):

«Ақжайық» – «Тирана» (Албания) – 2:0
«Ақжайық» – «Алмалық» (Өзбекстан) – 0:3
«Ақжайық» – «Меппен» (Германия, аймақтық лига) – 0:2
«Ақжайық» – «Карпаты» (Украина) – 0:0
«Ақжайық» – «Металлург» (Бекабад, Өзбекстан) – 0:2
«Ақжайық» – «Алашкерт» (Армения) – 3:0
«Ақжайық» – «Динамо» (Батуми, Грузия) – 1:1
«Ақжайық» – «Чайка» (Ресей) – 1:0
«Ақжайық» – «Колос» (Украина) – 2:2

Орал клубының қазіргі құрамы

қақпашылар – Вячеслав Котляр, Денис Төлебаев, Александр Удалов;

қорғаушылар – Мейрам Сапанов (капитан), Бауыржан Омаров, Еркін Тапалов, Майкл Одибе, Йован Николич, Дмитрий Шмидт, Андрей Шабаев;

жартылай қорғаушылар – Мирад Жарылғасов, Азат Ерсәлімов, Эдуард Сергиенко, Иван Антипов, Руслан Валиуллин, Предраг Говедарица, Фредди Ортиз Коронель, Матиас Рубио, Аренас Дельгадо, Константин Заречный, Георгий Макаев;

шабулшылар – Костантин Дудченко, Изу Азука, Юрий Перцух, Самит Чулагов.

Автор: Нұрғазы САСАЕВ

Теги: Қазақстан Премьер-лигасы"Ақжайық"жолдастық кездесуОқу-жаттығу жиыныДудченкоЛегионерлерБюджетМейрам СапановКоронельОдибеКотляр

Вернуться назад