Тимофеев “Алтайға”, ал “Алтай” бірінші лигаға қайта оралды..

Футбол
Тимофеев “Алтайға”, ал “Алтай” бірінші лигаға қайта оралды..
"Алтай" футбол клубы. Фото: fcaltay.kz
«Алтай» футбол клубы 2 наурыздан бастап Шымкентте оқу-жаттығу жиынын өткізеді екен. Бұл ақпаратты vksport.kz басылымы таратты.

Көктемнің екінші күні «Алтай» Шымкентте оқу-жаттығу жиынын бастайды екен. Аталған басылымның ақпаратына сенсек, дәл осы күні Шығыс Қазақстан облысы клубына Сергей Тимофеев келіп қосылатын көрінеді.

Тимофеев жай келмейді екен. Бас бапкерлік тізгін қайтадан осы маманға ұстатылатын болыпты. Оған Павел Евтеев, Марат Есмұратов және Игорь Востриков көмектесетін көрінеді.

«Алтай» бұл жиынға 1996-1998 жылдары туған өрімдей жастарын апаратын болыпты. Жергілікті жастардан ШҚО клубы академиясының төрт түлегі қосылған. Олар – қақпашы Әнуар Сапарғалиев, қорғаушылар Елдос Айтжанов пен Әлішер Алашбаев, жартылай қорғаушы Олег Овчинников.


Енді бір “жаңалық”, кешелі бері «Алтай» футбол клубының ресми сайтына ақпараттар салына бастады. 30 тамыздан бері ешқандай мәлімет түспеген сайт енді жұмыс жасай бастағандай.

Кеше бірінші лиганың 2017 жылғы ойындар күнтізбесі салынса, бүгін «Маусымды “Екібастұзбен” бастаймыз» деп ел кубогының електік додасы аясында өткізетін ойындары жайлы ақпарат салыпты. Бұл команданың бірінші лигада ойнайтындығын білдіретіндей...   

Әзірше, басқадай ешқандай ақпарат жоқ. Қаңтар айының аяғында «Алтай» клубына бас бапкер болып тағайындалған болгар маманы Илиан Илиев кетті ме, жоқ па? Ол да белгісіз. Ешқандай ресми мәлімет жоқ...

Автор: Нұрғазы САСАЕВ

Теги: Сергей ТимофеевҚазақстан чемпионатыБірінші лигаҚазақстан кубогы"Алтай" ФКОқу-жаттығу жиыныОйындар күнтізбесі

Вернуться назад