Қазақстан жастар құрамасы Австрия клубын жеңді

Футбол
Қазақстан жастар құрамасы Австрия клубын жеңді
Қазақстан-U21 және "Ростов-U21" матчынан көрініс. Фото: kff.kz
Түркияда оқу-жаттығу жиынын өткізіп жатқан Қазақстан жастар құрамасы (U21) Австрия клубымен кездесіп, 2:1 есебімен жеңіске жетті.

«Футболдан Қазақстан жастар құрамасы Түркияда соңғы жолдастық кездесуін өткізіп, Австрияның “Форвертс Штайр” футбол клубымен кездесті», – деп хабарлайды Қазақстан футбол федерациясының ресми сайты.

Бұл ойын 2:1 есебімен аяқталып, Владимир Никитенко жаттықтыратын Қазақстан жастары жеңіске жетті. Голдарды Дидар Жалмұқан мен Әлібек Қасым соқты.

Негізгі құрамда алаңға шыққандар: Бұсырманов, Шадманов, Соколенко, Мәжитов, Сұлтанов, Әбікен, Люхай, Наджарян, Антипов, Жалмұқан, Федин.

Ойын барысында ауысып ойнағандар: Закиров, Қасым, Әбілғазы, Кеңесбек, Зайнутдинов, Сламбеков, Леньков, Перцух, Гладченко, Өміртаев, Қабылан.

Сөйтіп, Қазақстан жастар құрамасы 13-24 ақпан аралығында түрік жерінде биылғы маусымдағы екінші жаттығу жиынын жүргізіп, үш рет жолдастық кездесу өткізді. Әуелі Ресейдің «Оренбург-U21» командасымен тең түсіп (0:0), бұдан кейін «Ростов-U21» командасын 2:1 есебімен ұтты. Енді, міне, Австрия клубын да тура осындай есппен жеңіп отыр.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан-U21 құрамасы жастар арасындағы 2019 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу турнирінде 9-топқа түскен. Алғашқы ойынын 28 наурыз күні, түзде Люксембург жастарымен өткізеді.

Автор: Әлихан ЖАППАР

Теги: Владимир НикитенкоҚазақстан құрамасыЖастар құрамасыДидар Жалмұқанжолдастық кездесуОқу-жаттығу жиыныҚазақстан U-21Әлібек Қасым

Вернуться назад