Қазақстан жастар құрамасы “Ростов” жастарын жеңді

Футбол
Қазақстан жастар құрамасы “Ростов” жастарын жеңді
Қазақстан жастар құрамасы – "Ростов-U21" – 2:1. Фото: kff.kz
Түркияда оқу-жаттығу жиынын өткізіп жатқан Қазақстан жастар құрамасы (U21) екінші жолдастық кездесуін өткізіп, «Ростов» клубының жастарынан басым түсті.

«Біздің футболшылар Ресейдің "Ростов" футбол клубының жастарымен кездесіп, 2:1 есебімен жеңіске жетті», – деп хабарлайды Қазақстан футбол федерациясының ресми сайты.

Есепті бірінші таймда Владимир Никитенконың шәкірттері ашқан. Жартылай қорғаушы Геворг Наджарян допты ойынға бұрыштан қосып, айып алаңы ішінде оны қорғаушы Дәурен Мәжитов қақпа ішіне дөп түсірген. 

Үзілістен кейін Оралхан Өміртаев есепті еселей түскен. Ол Рифат Нұрмағамбеттің өкшесімен берген пасын мүлт жібермеген. Кездесу соңында "Ростов" клубының ізбасарлары есеп айырмасын қысқартқан.. 

Сөйтіп Қазақстан-U21 құрамасы Түркиядағы оқу-жаттығу жиыны барысында алғашқы жеңісіне қол жеткізген. Бұған дейін жас футболшыларымыз Ресейдің басқа командасымен, атам айтқанда, «Оренбург-U21» комадасымен тең түскен болатын (0:0).

Негізгі құрамда алаңға шыққандар: Колбунцов, Соколенко, Мәжитов, Қасым, Шадманов, Кеңесбек, Әбікен, Наджарян, Антипов, Жалмұқан, Федин. 

Ойын барысында ауысып ойнағандар: Закиров, Әбілғазы, Шәмші, Сұлтанов, Люхай, Қабылан, Зайнетдинов, Бойчук, Гладченко, Әліпбек, Перцух, Жақыпбаев, Нұрмағамбет, Өміртаев.

Автор: Айқын ЖАППАР

Теги: Владимир НикитенкоҚазақстан құрамасыжолдастық кездесуОқу-жаттығу жиыныҚазақстан U-21Дәурен МәжитовОралхан Өміртаев

Вернуться назад