“Алтайдан” футболшылар жапа-тармағай кете бастады...

Футбол
“Алтайдан” футболшылар жапа-тармағай кете бастады...
Нұрбол Жұмасқалиев... Биылғы маусым аралығында екінші рет клуб ауыстыруға мәжбүр болды... Фото: vk.com/fc.irtysh
«Алтай» футбол клубының ойыншылары бірте-бірте тарыдай бытырап, басқа клубтарға кетіп жатқан сияқты...

Қазақстан футбол федерациясы Атқару комитетінің «Алтай» футбол клубын ел чемпионатынан (премьер-лигадан) ресми түрде аластатқанына да жарты айдан асып кетті. Әу баста шығысқазақстандықтар облыс әкіміне сенген еді...

Шыны керек, бар үміт облыс әкімінде еді. Бірақ Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов араша түспейтін” сыңай танытты. Мемлекеттік қаржының қалай болса, солай жұмсалғандығын айтып, тіпті бұл былықтың аяқсыз қалмайтындығын да меңзегендей болды...

Содан бері 10 күн өтті. Тым-тырыс. «Алтай» клубының басшылары да – үнсіз, басқалар да – тыныш. Шығыс Қазақстан облысының клубы бәріне көндігіп, бірінші лигаға барып ойнай ма, жоқ әлде премьер-лига жолдамасын спорттық принцип негізінде жеңіп алғандығын дәлелдеуге тырыса ма? Белгісіз...

Бірақ «Алтай» сапындағы ойыншылар бірте-бірте тарыдай бытырап кете бастады. Алды басқа клубтарға барып, келісімшартқа отырып, арты енді сынақтан өтіп жатыр. Соған қарағанда, «Алтайдың» ҚФФ Атқару комитетінің қатал шешіміне көнбеске амалы қалмағандай...

Сонымен... Шығыс Қазақстан облысының әкімінің мәлімдемесінен кейін, «Алтайдың» сапынан басқа командаларға кете бастаған ойыншылар тізімі (қарамен жазылған ресми түрде ауысқандар):

Жасұлан Молдақараев«Тобыл»

Еркебұлан Нұрғалиев«Оқжетпес»

Әнуар Умашев«Қайрат А»

Бауыржан Тәңірбергенов«Қайрат А»

Артём Касьянов – Украинаға

Нұрбол Жұмасқалиев – «Ертіс»

Мохаммед Ламане Диарра – «Қайсар», «Тараз»

Александр Григоренко – «Қайсар»

Сергей Шафф – «Қайсар»

Азат Ерсәлімов – «Ақжайық»

Контантин Заречный – «Ақжайық»

Дмитрий Шмидт – «Ақжайық»

Вячеслав Котляр – «Ақжайық»

Дмитрий Колбунцев – «Жетісу»

Денис Колодин – «Оренбург»

Андрей Карпович – ?

Автор: Нұрғазы САСАЕВ

Теги: Вячеслав КотлярАртём КасьяновАндрей КарповичДенис КолодинАлександр ГригоренкоҚазақстан Премьер-лигасыҚазақстан футбол федерациясыДау-дамайАтқару комитеті"Алтай" ФКЖасұлан МолдақараевНұрбол ЖұмасқалиевДаниал Ахметов ШҚО

Вернуться назад
★ Вы можете разместить вашу рекламу на нашем сайте. Напишите нам на whatsapp нажав на эту ссылку