Қазақстан жастар құрамасы Орынбордың жастарымен тең түсті

Футбол
Қазақстан жастар құрамасы Орынбордың жастарымен тең түсті
Қазақстан жастар құрамасы. Фото: kff.kz
Түркияда оқу-жаттығу жиынын өткізіп жатқан Қазақстан жастар құрамасы (U21) алғашқы жолдастық кездесуін өткізді, – деп хабарлайды отандық футбол федерациясының ресми сайты.

Түркияның Анталия қаласындағы екінші оқу-жаттығу жиынын өткізіп жатқан Қазақстан-U21 құрамасы Ресейдің «Оренбург-U21» командасымен кездесіп, 0:0 есебімен тең түсіпті.

Владимир Никитенко бұл матчта мына футболшыларды шығарған: Закиров, Сұлтанов, Әбікен, Қасым, Люхай, Шәмші, Перцух, Қабылан, Соколенко, Нұрмағамбет, Федин.

Ойын барысында оларды ауыстырып алаңға шыққандар: Колбунцов, Кеңесбек, Шадманов, Әліпбек, Әбілғазы, Зайнетдинов, Антипов, Гладченко, Өміртаев.

Осы ретте айта кетейік, Анталияда өтіп жатқан оқу-жаттығу жиынына қосалқы тізімнен Қарағандының «Шахтерінің» шабуылшысы Оралхан Өміртаев шақырылыпты. Ол құрама сапында жеңіл-желпі жарақат алып қалған Владимир Путинцевті алмастырған. Екеуі де – кеншілер клубының ойыншылары.

Владимир Никитенко жаттықтыратын Қазақстан-U21 құрамасы келесі жолдастық кездесуін 20 ақпан күні өткізеді екен. Ендігі жоспардағы қарсылас – «Ростов-U21» командасының жастары.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан-U21 құрамасы жастар арасындағы 2019 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу турнирінде 9-топқа түскен. Алғашқы ойынын 28 наурыз күні, түзде Люксембург жастарымен өткізеді.

Автор: Әлихан ЖАППАР

Теги: Владимир НикитенкоҚазақстан құрамасыЕуропа чемпионатыЖастар құрамасыжолдастық кездесуОқу-жаттығу жиыныІріктеу ойындарыҚазақстан U-21Еуро-2019

Вернуться назад