“Қайрат” пен “Ордабасы” Ресей бірінші лигасының көшбасшыларымен кездесті

Футбол
“Қайрат” пен “Ордабасы” Ресей бірінші лигасының көшбасшыларымен кездесті
Жолдастық кездесу: "Қайрат" – "Динамо" – 1:0. Фото: fckairat.com
Алматының «Қайраты» мен Шымкенттің «Ордабасы» клубы Түркияда Ресей бірінші лигасының көшбасшыларымен кездесіп, біреуі ұтып, екіншісі ұтылып қалды.

“Қайрат” Мәскеудің “Динамосынан” басым түсті

Түркияда үшінші оқу-жаттығу жиынын өткізіп жатқан «Қайрат» Белекте кезекті жолдастық кездесуін өткізіп, Ресей Ұлттық лигасында (Бірінші тобында) көш бастап келе жатқан Мәскеудің «Динамосын» жеңді. Есеп – 1:0.

Жалғыз голды екінші таймның басында екі Бауыржан ұйымдастырды. Исламхан допты ойынға бұрыштан қосып, Тұрысбек оны қақпаға басымен дөп түсірді. Гол өте жылдам соғылып, «Динамо» қорғаушылары мен қақпашысы қапы қалды.

"Қайрат" – "Динамо" – 1:0

Гол: Тұрысбек, 48.

"Қайрат": Покатилов (Плотников, 46), Ахметов (Вороговский, 85), Рудосельский, Маркович, Сүйімбаев, Қуат, Бакаев, Иличевич (Жуков, 46), Исламхан, Исаэл (Райымбек, 76), Тұрысбек (Балтабаев, 83).

“Ордабасы” тарландарын “Тосно” тосаңсытты

Шымкенттің «Ордабасы» клубы болса, Анталияда Ресей Ұлттық лигасында (Бірінші тобында) екінші орында келе жатқан «Тосно» клубымен кездесіп, 0:1 есебімен ұтылып қалды.

Ленинград облысы клубының ресми сайты бұл ойынды екі ауыз сөзбен баяндапты. Олардың мәлімдеулерінше, «Тосно» басымдық танытқан, бірақ мүмкіндіктерінің көбісін мүлт жіберіп, бір-ақ гол соққан.

"Ордабасы" – "Тосно" (Ресей) – 0:1

Гол: Макаров, 15.

«Ордабасы»: Бойченко, Төлебек (Тұрсынбай, 30), Абдулин (Мұхтаров, 46), Гашпуйтис (Ерланов, 46), Симчевич (Адырбеков, 26), Смақов (Жақсыбаев, 46), Борек (Бейсенов, 46), Нұрғалиев (Гогуа, 46), Гейнрих (Жұмаханов, 46), Тұңғышбаев (Бочаров, 46), Бөлешев (Марцваладзе, 63).

Автор: Нұрғазы САСАЕВ

Теги: Бауыржан ИсламханҚазақстан Премьер-лигасыМаусым аралығы"Қайрат"жолдастық кездесу"Ордабасы" ФКОқу-жаттығу жиыныБауыржан Тұрысбек

Вернуться назад