Қазақстан жастары Түркияда жаттығуды бастады

Футбол
Қазақстан жастары Түркияда жаттығуды бастады
Жаттығу басталды. Фото: kff.kz
Қазақстан жастар құрамасы Түркияда екінші оқу-жаттығу жиынын бастады, – деп хабарлайды отандық футбол федерациясының ресми сайты.

 Владимир Никитенко жаттықтыратын Қазақстан жастар құрамасы Түркияда 13-24 ақпан аралығында жаттығу жиынын өткізеді екен. Осы жиын барысында бапкерлер алқасы үш рет жолдастық кездесу өткізуді жоспарлап отырған көрінеді.

Атап айтқанда, 17 ақпан күні Ресейдің «Оренбург» клубымен кездессе, 20 ақпанда осы елдің «Ростов» командасымен додаға түседі. 23 ақпан күні өтетін үшінші жолдастық кездесудегі қарсылас сәл кейінірек анықталады.

Владимир Никитенко бастаған жаттықтырушылар алқасы аталған оқу-жаттығу жиынына мына футболшыларды шақырыпты:

қақпашылар Сұлтан Бұсұрманов («Тобыл»), Дмитрий Колбунцов («Алтай»), Тимурбек Закиров («Қызылжар»);

қорғаушылар Айбол Әбікен («Қайрат»), Карам Сұлтанов («Қызылжар»), Әлібек Қасым («Қайрат»), Әділет Кеңесбек («Тараз»), Арман Әліпбек («Ордабасы»), Сұлтан Әбілғазы («Оқжетпес»), Бекзат Шадманов («Тараз»), Александр Соколенко («Қызылжар»);

жартылай қорғаушылар Дидар Жалмұқан («Астана»), Самат Шәмші («Ордабасы»), Дәулет Зайнетдинов («Астана»), Бекзат Қабылан («Каспий»), Иван Антипов («Ақжайық»), Максим Гладченко («Қайрат»), Геворг Наджарян («Астана»), Рашид Люхай («Қайрат»), Игорь Бойчук («Ақтөбе»);

шабуылшылар Рифат Нұрмағамбет («Жетісу»), Владислав Васильев («Шахтер»), Максим Федин («Оқжетпес»), Вячеслав Путинцев («Шахтер»), Юрий Перцух («Ақжайық»).

Бапкерлер құрамы:

Владимир Никитенко – аға жаттықтырушы,
Игорь Свечников – аға жаттықтырушының көмекшісі,
Юрий Коньков – аға жаттықтырушының көмекшісі,
Николай Родионов – қақпашылар жаттықтырушысы.

Автор: Айқын ЖАППАР

Теги: Владимир НикитенкоМаксим ФединЮрий КоньковҚазақстан құрамасыЖастар құрамасыДидар ЖалмұқанОқу-жаттығу жиыныТүркиядаКарам Сұлтанов

Вернуться назад
★ Вы можете разместить вашу рекламу на нашем сайте. Напишите нам на whatsapp нажав на эту ссылку