Африка ұлттары кубогына қазақ додасынан бір футболшы барады

Футбол
Африка ұлттары кубогына қазақ додасынан бір футболшы барады
Джуниор Кабананга ХХХІ Африка ұлттары кубогына барады. Фото: vk.com/astanafootballclub
Бұйыртса, «Астана» футбол клубының һәм Конго ДР құрамасының шабуылшысы Джуниор Кабананга ХХХІ Африка ұлттары кубогына қатысуы керек.

Кабананга қазір Конго Демократиялық Республикасы сапында жүр. Бұл елдің ұлттық құрамасы електік сында «В» тобында топ жарып, 31-ші рет жалауы желбірейтін Африка ұлттары кубогына қатысу құқығына ие болды.

Ал 15 қаңтардан 5 ақпанға дейін Габонда өтетін Африка ұлттары кубогында «С» тобында бақ сынайды. Қарсыластары – Кот-д'Ивуар, Марокко және Того құрамалары. Ширек финалға шығуы үшін осы топта бірінші немесе екінші орын алу керек.

Дәл қазір Конго ДР құрамасы жаттығу жиынын өткізуде. Кабананга өз елінің ұлттық құрамасының Габонға баратын соңғы тізіміне іліккен. Біздің уақытпен бүгін түнде оның отандастары Камерун құрамасымен жолдастық кездесу өткізеді.

Африка ұлттары кубогына Қазақстан чемпионатынан бір футболшының баратындығын өз алдына бір жетістік деп бағалауға болады. Бұдан біздің футболымыздың беделі өспесе, түспейтіні айдан анық. Өздеріңіз білесіздер, 2016 жылы жазда «Қайраттың» жартылай қорғаушысы Анатолий Тимощук Францияда өткен ХV Еуропа чемпионатына қатысып келген.

Автор: Әлихан ЖАППАР

Теги: Джуниор КабанангаАнатолий ТимощукҚазақстан чемпионатыЕуропа чемпионаты"Астана" ФКАфрика кубогыКонго құрамасы

Вернуться назад
★ Вы можете разместить вашу рекламу на нашем сайте. Напишите нам на whatsapp нажав на эту ссылку