«Қайрат» гол соғуды қойды – Хорватия клубымен тең түсті

Футбол
«Қайрат» гол соғуды қойды – Хорватия клубымен тең түсті
"Қайрат" гол соғуды доғарған ба?.. Фото: fckairat.com
Алматының «Қайраты» Түркияда Хорватияның «Сплит» клубымен жолдастық кездесу өткізіп, 0:0 есебімен тең түсті. Мұның алдында Боснияның "Младост" клубынан ұтылып қалған.

«Сплит» биылғы маусымда Хорватия чемпионатында нәтижелі ойын үлгісін көрсете алмай жүрген команда болатын. Қазір чемпионат кестесінде 9-орында тұр (соңынан санаған екінші). Әйтсе де, «Қайратқа» төтеп берген...

Алматының «Қайраты» бұл ойында басымдық танытып, қарсыласын тықсырып, бірнеше қауіпті шабуыл ұйымдастырғанымен, гол соға алмаған. «Сплит» те бекініс құрып, қорғанысын ғана ойламай, аракідік қарсы шабуылдар ұйымдастырып отырған.

Әйтсе де, бұл кездесуде есеп ашылмаған. «Қайратқа» не болғанын, бірақ осының алдында Боснияның «Младост» клубымен кездесіп, 1:2 есебімен ұтылып қалған. Жалғыз голды пенальтиден Бауыржан Тұрысбек соққан болатын.

Айтпағымыз, міне, екі ойын болды, «Қайрат» гол соғудан қалып барады. Әлде Қазақстан чемпионатына “сақтап” жүр ма екен?! Ел біріншілігінде голды үсті-үстіне соғатын шабуылы жойқын команда Түркияда тізгінін тартып жүргендей...

«Қайрат» – «Сплит» – 0:0

«Кайрат»: Покатилов (Плотников, 46), Қуантаев (Вороговский, 63), Арсо, Маркович, Сүйімбаев, Бакаев, Қуат, Исламхан (Тұрысбек, 72), Исаэль (Иличевич, 46), Аршавин (Жуков, 59), Гоу (Форбс, 60; Райымбек, 82)

8 ақпан 2017. Түркия, Белек.

«Қайрат» – «Младост» – 1:2

Голдар: Бркич, 42-пенальтиден (0:1). Тұрысбек, 86-пенальтиден (1:1). Шишич, 92 (1:2).

70-минутта Гладченко алаңнан қуылды.

«Қайрат»: Плотников (Грубов, 30; Покатилов, 57), Қуантаев, Мұсаев, Рудосельский, Қасым, Вороговский, Әбікен (Донсу, 60), Гладченко, Иличевич (Райымбек, 46), Исаэль, Тұрысбек.

6 ақпан 2017. Түркия, Белек.

Автор: Айқын ЖАППАР

Теги: Қазақстан Премьер-лигасы"Қайрат"Пенальтижолдастық кездесуОқу-жаттығу жиыны"Сплит""Младост"Бауыржан Тұрысбек

Вернуться назад