«Оқжетпес» бас бапкерін жариялады – Сергей Попков

Футбол
«Оқжетпес» бас бапкерін жариялады – Сергей Попков
Сергей Попков. Фото «Оқжетпес» клубының баспасөз қызметінен алынды
«Оқжетпес» футбол клубы жаңа маусымда команданы алға сүйреуге тиісті жаттықтырушылары мен басшыларын жариялады.

Көкше клубы жаңа маусым дайындығын 3 қаңтар күні бастап, Шымкентте оқу-жаттығу жиынын өткізеді екен. Әзірше жаттықтырушылары құрамын жартылай бекітіпті. Қалған баперлері мен команданың негізін қалайтын футболшылары сәл кейінірек белгілі болады екен.

Сонымен «Оқжетпес» клубының 2018 жылғы жаттықтырушылары және спорттық директоры:

Сергей Николаевич Попков – бас бапкер (өткен маусымның соңында Көкше клубының тізгінін уақытша қолына алған болатын),

Марат Жолдасұлы Есләмов – бас бапкердің көмекшісі (Көкөшетау жанкүйерлеріне таныс маман, «Ақжайық» ФК-нан келген),

Евгений Николаевич Валентюкевич – күш-қуат дайындығына жауапты жаттықтырушы (Көкшетау футболының түлегі, жергілікті жастар командасының және балалар мен жасөспірімдер футбол орталығының жаттықтырушысы),

Игорь Иннокентьевич Ваулин – спорттық директор («Намыс» /Астана/, «Ертіс» /Павлодар/, «Бәйтерек» /Астана/ командаларында жұмыс жасаған).

Асқар Әшімұлы Есекеев – дәл қазір клуб директоры міндетін атқарып жүрген маман.

Автор: Әлихан ЖАППАР

Теги: Сергей ПопковҚазақстан чемпионатыБас бапкер"Оқжетпес"Бірінші лигаOkzhetpes KokshetauСпорттық директорМарат Есләмов

Вернуться назад
★ Вы можете разместить вашу рекламу на нашем сайте. Напишите нам на whatsapp нажав на эту ссылку